Химиялық және спектрлік талдау бойынша лаборант, 5-разряд

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
136

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Технологиялық ерітінділер мен шайырлар үлгілеріне физика-химиялық әдістермен және атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісімен сынақтар жүргізу; • Жабдықты сынау жүргізуге дайындау; • Күрделілігі жоғары қажетті реактивтер мен калибрлеу ерітінділерін дайындау; • Зертхананың ішкі құжаттарына сәйкес талдау нәтижелерін ресімдеу; • Зертханалық аспаптардың жағдайы мен жұмысын бақылау; • Зертхана бөлмесінде тазалық пен тәртіпті сақтау; • Радиоактивті заттарды есепке алу және бақылау бөлігінде технологиялық процестің әртүрлі өнімдеріндегі уранның құрамы туралы дұрыс нәтижелер алу үшін тиісті сападағы сынақтарды орындау; • Жұмыс журналдарын және қажетті есепті дұрыс жүргізу; • Сынақ зертханасының құзыреттілігіне қойылатын ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар стандарт талаптарын орындау, оның ішінде: • Сынақ нәтижелерінің нақтылығы мен негізділігін қамтамасыз ету; • Сапа саласындағы саясатты сақтау және сапа жөніндегі нұсқаулықта белгіленген рәсімдерді орындау; • Құпиялылықты сақтау және құжаттарды көшіру мен тарату бойынша рұқсат етілмеген іс-қимылдар жасамау; • Компанияның іскерлік этика саясатының ережелеріне сәйкес бейтарап мінез-құлық (PP-LEG-01) • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға 5-ші разрядты химиялық және спектрлік талдау жүргізуші зертханашының лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Орта білім және бастауыш кәсіптік даярлық немесе жоғары білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Талдаудың физика-химиялық әдістерінің іргелі негіздері • Заманауи аналитикалық жабдықтар мен аспаптардың жұмыс істеу принциптері; • Өндіріс ерекшелігіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу жөніндегі әдістемелер, техникалық шарттар, стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылық материалдар.

Қосымша:

Пайдаланушы деңгейінде дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары

Білетін тілдер:

Қазақ немесе орыс тілдерін білу (ауызша және жазбаша) – еркін