ӨЕӨЦ үдерістерін оңтайландыру жөніндегі бөлімінің бастығы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
233

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Шығарылатын өнімді өндірудің прогрессивті технологиялық процестері мен режимдерін әзірлеу және енгізу, өндірісті технологиялық дайындау және техникалық қайта жарақтандыру деңгейін арттыруды, шикізат, материалдар шығыстарын, еңбек шығындарын қысқартуды, өнімнің, жұмыстардың сапасын жақсартуды және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстарды орындау; • Технологтардың жұмысын басқару; • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кен орнын пайдалануды қамтамасыз ету; • Өндірістік үдерісті НТҚ-мен және жобалармен қамтамасыз ету; • Әзірленген құжаттаманы Компания бөлімшелерімен келісу; • Технологияда көзделген арнайы жарақтарды, құралдар мен құрылғыларды жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды, стандартты емес жабдықтарды, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын өндіруге арналған техникалық тапсырмаларды әзірлеу; • Жаңадан әзірленген технологиялық процестерді игеру және оларды өндіріске енгізу бойынша зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер жасауға, сондай-ақ еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бағдарламаларын әзірлеуге, жаңа техниканы енгізуге, өндірістік қуаттарды уақтылы игеру, технологияларды жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылау; • Патенттік және лицензиялық паспорттарды, өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерді жасауға қатысу; • Өндіріс технологиясын жетілдіру жөніндегі өнертабыстық ұсыныстарды қарау және оларды пайдаланудың орындылығы туралы қорытындылар беру; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нормалардың, өндірістік және еңбек тәртібінің, еңбек тәртіптемесі қағидаларының жеке сақталуын қамтамасыз ету; • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау.

Білім:

• Жоғары инженерлік-техникалық білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Жабдықтың өндірістік қуаттарын, техникалық сипаттамаларын, құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс режимдерін, оны пайдалану ережелерін білу; • Шикізатқа, материалдарға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды білу; • Техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша материалдарды білу; • Ақау түрлерін және оның алдын алу тәсілдерін білу; • Техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі нұсқаулық материалдар; • Өнертапқыштық негіздерін, техника мен технология нысандарының техникалық деңгейін талдау әдістерін білу; • Қазіргі заманғы есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын білу; • Ұқсас өнімді өндіру саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені білу; • Өндірістің экономикалық қызметіндегі ғылым мен техниканың отандық және шетелдік жетістіктерін білу;

Қосымша:

• МВА, ғылыми дәрежесінің / атағының болуы – мүмкіндігінше; • Кәсіби сертификаттаудың болуы – мүмкіндігінше

Білетін тілдер:

• Қазақ тілін білу-бастапқы деңгей; • Орыс тілін білу-міндетті; • Ағылшын тілін білу-Elementary