қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
474

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Серіктестікте қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, нұсқаулықтардың, стандарттар мен ережелердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, өндірістік факторлардың жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін азайтуға көмектеседі;

    қоршаған ортаны қорғаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды;

    техникалық-экономикалық негіздемелердің, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту және реконструкциялау жобаларын, сондай-ақ құрылатын жаңа технологиялар мен жабдықтарды экологиялық бағалауды жүргізуге және жаңа техниканы енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

    өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту, қоршаған ортаның ластануын, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын болдырмау, технологиялық қалдықтарды азайту немесе толық жою, жер және су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға қатысады;

    қоршаған ортаны қорғау объектілерінің технологиялық режимдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, олардың жұмысын талдайды, Серіктестіктің өндірістік объектілері орналасқан аумақта экологиялық нормалар мен ережелердің сақталуын, қоршаған ортаның жай-күйін бақылайды;

    технологиялық регламенттерді, аналитикалық бақылау кестелерін, паспорттарды, нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттамаларды ресімдейді;

    жабдықтың техникалық жай-күйінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысады;

    қоршаған ортаны қорғау шараларының орындалуы туралы белгіленген есептер жасайды, ұйымның қызметіне экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады.

Талаптар:

  • тиісті мамандарды даярлау саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
  • жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар жоқ

Шарттары:

Қажетті қабілеттер

  • безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр