автокөлік жүргізушісі

154662 - 159736
Шуская машинизированная дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
325

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Жүргізушінің еңбек міндеттеріне:

1) еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және еңбек режимін сақтау;

2) осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған еңбек міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау;

3) құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын орындау;

4) басшылықтың тапсырмаларын орындау;

5) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдерді қабылдау кезінде бюрократтық көріністерге және шұбалаңдыққа жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;

6) Қоғам беделінің және имиджінің нығаюына қолғабыс ету;

7) іскерлік этика нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген корпоративтік мәдениетті сақтау;

8) ұқыптылық және өзі мен өзінің қарамағындағы қызметкерлерге талап қоя білушілік;

9) Қоғамның басқа қызметкерлерін құрметтей білу, этикалық нормаларды сақтау;

10) биязы, әдепті болу, іскерлік қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;

11) кәсіби қасиеттерді жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастама көтере білу және творчестволық тұрғыдан келу, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде қолдау көрсету;

12) әріптестер мен басшылардың сындары мен ескертулерін оң қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерді дер кезінде мойындай білу;

13) жинақылық және ұқыптылық, еңбек міндеттерін орындау кезінде іскерлік киім стилін сақтау;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасының, мемлекеттік органдардың, Жалғыз акционер актілерінің және Қоғамның қызметіне қатысты өзге құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;

15) кәсіптік функцияларын адал әрі дұрыс, лайықты ұқыптылықпен және сақтықпен, Қоғамның және Жалғыз акционердің мүдделерін ескере отырып, дау-дамайға бармай орындау;

16) өзінің іске деген қатынасымен және жеке қарым-қатынасымен еңбек ұжымында тұрақты әрі дұрыс моральдық-психологиялық ахуал тудыруға көмек көрсету;

17) Қоғамның жергілікті актілерінде көзделген тәртіпте Қоғамға қатысы бар мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы немесе өзге мәселелерге байланысты кез-келген коммерциялық немесе өзге жеке мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы дереу хабарлау;

18) шешімінде жеке мүдделілік бар мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыспау;   

19) еңбек міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделерді немесе жеке пайданы емес, Қоғамның мүдделерін сақтау;

20) құпиялылықтың және Қоғамның жергілікті актілерінің нормаларын бұзбай, дер кезінде шүбәсіз ақпарат беру;

21) өзінің пайдаланысындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

22) еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және (жұмыс берушінің) Қоғамның өзге жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;

23) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және жеке еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтау;

24) Қызмет көрсететін автокөліктері аспаптарын және механикаларын, агрегат әрекетінің ұстанымын және құрылғысын, мәнін білу; жарамсыздықты анықтау және жою амалдарын білу; автокөлікке техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау негізгі ережесін білу; автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету; автокөлік шиналарының және аккумуляторлық батареяларының мерзімін білу; радиобайланыс жабдықтарын қолдану ережесін; қауіпті және тез бұзылатын жүктерді тасымалдау ережесін; автокөлікті тұрақта сақтау ережесін; автокөлік жұмысын есепке алу құжатын толтыру ережесін; жаңа автокөліктерді және күрделі жөндеуден өткен автокөліктерді жүргізіп сынау ережесін білу;

25) Ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау;

26) Цех бастығының жоспарланған жұмыстарын орындау;

27) Жұмыс уақытысында ішімдік ішпеу;

28) Жұмыс уақытысында бастықтың рұқсатымен, себебін түсіндіріп жұмыстан кету;

29) Технологиялық, еңбек, өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты және ережені сақтау;

30)  Бокстан шығар алдында сигнал даусын шығарып және есік жақта адам жоқтығына көз жеткізіп шығу, бокстан 5 км/сағ жылдамдықпен шығу, автокөлікті двигатель өшіп тұрған кезде ғана жанармаймен толтыру;

31) Жүк автокөлігінде адам тасымалдауға тыйым салынады, автокөлік тоқтап тұрған кезінде дөңгелекке тіреу қою,теміржолдан өткенде арнайы өтетін жерден өту

Біліктілік талаптары:

Среднее и специальная подготовка по установленной программе.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім