"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақтөбе бөлімшесі" филиалы өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің бастығы (НОД-11)

528836 - 572071
НОД-11 (Актобинское отделение ГП) Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
227

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жазатайым оқиғаларды қарау  және олардың алу шараларын әзірлеу;
  • Жұмыс киімдерін, қауіпсіздік аяқ киімдерін және жеке қорғану құралдарын қабылдау,құрылысы аяқталған немесе реконструкцияланған өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау, қондырғыларды, агрегаттарды және басқа да жабдықтарды талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жөндеуден қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысында еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілердің;
  • Өндірістік жарақаттардың, кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу, салада салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша кешенді шараларды жүргізу;
  • Еңбекті қорғау шараларына қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету, олардың жұмсалуы бойынша ұсынвстарды талдайды және қорытындылайды және еңбек жағдайлары мен қауіпсіздікті жақсарту шараларына филиалға қаражат бөлудің негіздемесін дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
  • Саладағы мамандық: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Көлікті тасымалдауды, қозғалысын және  пайдалануын  ұйымдастыру; Электротехника (радиотехника, электроника және  телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы өнеркәсібі; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)