«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қаратау вокзалының 2 типті өндірістік пунктi әкімшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өзіне сеніп тапсырылған объектінің аумағында кезекшілік;
- белгіленген режимге және технологиялық процеске сәйкес жұмыс ауысымы кезінде станциядағы барлық қызметтер мен құрылғылардың нақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- тиісті құжаттарды: рұқсаттамаларды, жол парақтарын, жүкқұжаттарды және т. б. көрсеткен кезде қызметкерлерді, келушілерді, автокөлікті немесе жүк автомобильдерін объектінің аумағына және кері қарай жіберу;
- күту залдарында, платформаларда жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қажетті шараларды қабылдау, қарт адамдарға, балалары бар жолаушыларға, ұйымдасқан жолаушылар топтарына және балаларға назар аудару;
- 05.12.2016 ж. № 393-ЦЖС бұйрығымен бекітілген "Теміржол вокзалдарында мүгедектерге және халықтың аз қозғалатын топтарына қызмет көрсету тәртібіне" сәйкес теміржол вокзалдарында мүгедектерге және халықтың аз қозғалатын топтарына қызмет көрсету;
- бұзылған есіктер, терезелер, қабырғалар, құлыптар табылған, пломбалар мен мөрлер болмаған, объектіде дабыл сигналы пайда болған жағдайларда, полиция қызметкерлері келгенге дейін әкімшілік өкілін және Полиция учаскесі бойынша кезекшіні дереу хабардар етеді және қылмыс іздерін күзетеді;
- iлесіп жүретін адамның жеке басын куәландыратын құжатқа айырбастау үшін ілесіп жүретін адамның сұрау салуы бойынша мүгедек арбасын беру (тегін);
- егер объектіде өрт туындаса, дабылды көтереді, өрт сөндіру тобын хабардар етеді, болған оқиға туралы полиция учаскесіндегі кезекшіге хабарлайды, өртті жою жөнінде шаралар қабылдайды;
- вокзалда мүмкіндігі шектеулі адамдар поезды күту кезеңінде оларды күту залдарындағы арнайы бөлінген орындарға ертіп барады.
- станцияда мүгедектерге арналған күту залы болған кезде күту залында мүмкіндігі шектеулі адамдарды ертіп жүреді және орналастырады, оларға болудың жалпы ережелерін түсіндіреді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан төмен)
- Қазақ тілі (Бастапқы)