«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Қызылорда магистральдық желі филиалы» техникалық бөлімінің басшысы

444075 - 463895
Кызылординское отделение магистральной сети Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
197

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • магистральдық темір жол желісінің обьектілері мен құрылыстарын Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес келтіру жөніндегі техникалық шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
  • бекітілген жоспарлар шегінде ағымдағы қажетті материалдық ресурстарды, жабдықтарды, техникалық құралдарды, арнайы бұйымдарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сатып алуға өтінімдерді белгіленген тәртіпте департаменттерге және дирекцияға дайындауға және беруге қатысу;
  • көктемгі және күзгі комиссиялық тексерулер кезінде өз шаруашылықтарының ғимараттары мен құрылыстарын тексеруге қатысу;
  • магистральдық теміржол инфрақұрылымының құрылымдарын, құрылғыларын және басқа да объектілерін күрделі жөндеу және жаңғырту бойынша ұзақ мерзімді және жылдық бағдарламаларды әзірлеу бойынша салалық бөлімдерге ұсыныстарды дайындауға және уақтылы енгізілуіне мониторинг жүргізуге қатысу;
  • күрделі құрылыс және реконструкциялық жобаларының техникалық шарттарын, жобалаы мен сметалық құжаттамаларын, сондай-ақ кірме жолдарды қосу жобаларын, магистральдық темір жол желілерін өнеркәсіптік темір жол көлігі желілерімен, автомобиль жолдарын қиылысу жобаларын белгіленген тәртіппен қарауға және бекітуге қатысу, құбырлар, электрмен жабдықтау және байланыс желілері;
  • қатысу және негізгі құралдарды түгендеу, тауарлық-материалдық қорларды, негізгі құралдарды есептен шығаруды жүргізудің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылау;
  • қалпына келтіру пойыздарындағы, өрт сөндіру пойыздарындағы және жеке шаруашылықтардағы вагондардың жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын қадағалау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: қызметтің тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіби дәреже;
  • Мамандығы:Құрылыс "Көлік, көліктік техника және технологиялар". (Жүк көтеру және көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, Вагондар). "Автоматтандыру және басқару"; "Электрэнергетика"; "Құрылыс" (Темір жол құрылысы, жол және жол құрылыстары); "Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру" (темір жол көлігі).
  • Жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, басшылық қызметтегі еңбек өтілі 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр