«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Алматы пайдалану вагон депосы» филиалы бухгалтерлік есеп бөлімі бастығының орынбасары

409191 - 429803
ВЧД-25 АЛМАТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
133

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жалақы қорына кіретін және кірмейтін барлық төлемдер бойынша жұмысшылар мен қызметшілермен есеп айырысудың уақтылы және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді;
  • есеп аралық кезеңде ұстап қалудың және есептеудің барлық түрлерін (демалыста болған уақыт үшін, жұмыскерлерді жұмыстан шығарған кезде және басқа жағдайларда), іссапарларды, еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақыларды есептеуді жүргізеді;
  • ұстап қалудың барлық түрлері бойынша жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысуды есепке алуды бақылау және тиісті ведомостар мен схемаларды тексеру;
  • сыйлықақылардың барлық түрлері бойынша қолданыстағы ережелерді қолданудың дұрыстығын бақылау;
  • жұмысшылар мен қызметшілердің сұрауы бойынша жазбаша және ауызша анықтамалар дайындайды;
  • төлем ведомостарын тексеру және есептеу, соңында оларды қолтаңбамен куәландыру, ал қажет болған жағдайда төлем ведомостарын "түзетілгенге сену" белгісімен расталатын түзетулер енгізу және қолтаңбамен куәландыру;
  • сот органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеу, бөлімше қызметкерлеріне түсетін атқарушылық құжаттарды: алименттер, айыппұлдар, банктер алдындағы берешекті, жеке тұлғалар алдындағы борыштарды өтеу;
  • еңбек демалыстарын, аурухана парақтарын есептеу,тууға,жерлеуге, некеге тұруға материалдық көмек; еңбек демалысы, іссапар шығыстары, тууға материалдық көмек, жерлеу, неке қию, зейнеткерлер мен қызметкерлерге арналған мерейтойлық күндер бойынша аударымдар тізімдерін қалыптастыру және дайындау;
  • ай сайын жалақы бойынша қаржыландыруға өтінім жасау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі : Жоғары;
    Саласындағы мамандық:Учет и аудит, Экономика; Менеджмент; Финансы; 
  • Жұмыс тәжірибесі: Қызмет саласындағы жұмыс өтілі 5 жыл, қызмет бейіні бойынша басшылықта 3 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы