"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-"ГП Ақтөбе бөлімжесі" филиалының Қандыагаш станциясының орталықтындыру постының кезекшісі

291846 - 302121
НОД-11 (Актобинское отделение ГП) Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
271

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

14.1 Кезекшілікті қабылдау кезінде қолданыстағы жедел бұйрықтардың болуымен танысады.

14.2 Маневрлік диспетчердің (ДСЦ) келісімімен поездарды қабылдауды және іргелес жатқан Потуй-Қандыағаш учаскелерінен, 6 км. - Қандыағаш бекетінен және торап парктері арасында жөнелтуді жүзеге асырады.

Пойыздарды қабылдау, жөнелту және қабылдау-босату паркінің оңтүстік мойыныңда,Қандыағаш-2 паркінің жұп және тақ мойыныңда және тау алды паркінің жұп мойыныңда маневрлік қозғалыстар және құрамды дөңеске, кіреберіс жолдарға бұру маршруттарын басқарады және дайындайды маневрлік аудан.  Қажет болған жағдайларда маневрлік диспетчердің өкімі бойынша поездарды тау алды паркіне жөнелтуді, сондай-ақ поездарды тау алды паркінен қабылдауды жүзеге асырады. Ақтөбе-Жем, Қандығаш-Қарауылкелді учаскелерінің диспетчерлерімен, тораптық диспетчерлермен және Потуй станциясының көршілес бөлек пункттерінің, 6 км постының кезекшілерімен және тау алды паркінің кезекшілерімен поездардың қозғалысы бойынша келіссөздерді жүзеге асырады.  Маневрлік және поездық бағдаршамдар дұрыс болмаған немесе оларды ашу мүмкін болмаған жағдайда, ДСЦ келісімімен машинистке бағдаршамдардың тыйым салушы көрсетулерінен өтуге рұқсат береді.

Біліктілік талаптары:

Білімі
1.жоғары
2. орта техникалық және кәсіптік

Саладағы мамандық
тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

жұмыс тәжірибесі
1. парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші оператор, дөңес бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 2 жыл
2. парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші оператор, дөңес бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру