Құрылысты бақылау департаментінің жетекші инженер-механигі

«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
301

   Конкурс туралы
Міндеттері:
1) жабдықтың болуы мен қозғалысын, жобалау шешімдеріне сәйкестігін есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін бақылауды, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасын, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария нормаларына сәйкестігін үйлестіруді жүзеге асырады;
3) объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады;
4) жабдықты жаңғырту, қайта жаңарту, кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу, өндіріс тиімділігін арттыру жоспарларын әзірлеуге ұсыныстар дайындауға қатысуға;
5) Технологиялық жабдықты монтаждау үшін келіп түсетін Цех ішіндегі жүк көтергіш крандардың паспорттық деректерге және жобалау шешімдеріне сәйкестігін бақылау, тексеру.
6) жабдықты монтаждау жөніндегі жұмыстардың сапасына бақылауды қамтамасыз етуге міндетті
7) жабдықты сатып алуға өтінімдер жасауға қатысуға;
8) Департамент құзыреті шегінде Бөгде ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау; 
9) мердігер ұйымдардың белгіленген нысандар бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға қатысуы
10) мердігерлерден және құрылысқа өзге де қатысушылардан жеке өзі немесе серіктестік басшылығының тапсырмасы бойынша өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
11) техникалық кеңестерге қатысу, олар бойынша қабылданған шешімдерді бақылау және орындау, тиісті техникалық құжаттаманы (хаттаманы, есептерді жасау)жүргізу;
12) серіктестіктің мердігер ұйымдарымен, құрылымдық бөлімшелерімен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
13) құрылыс-монтаждау жұмыстарын есепке алу және құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындау;
14) бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған басшылардың қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, нұсқауларын, ауызша да, жазбаша да тапсырмаларын орындау;
15) Департамент құзыреті шеңберінде қызмет мәселелері бойынша қажетті құжаттаманы уақтылы және сапалы дайындау;
16) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін серіктестіктің қызметі туралы Департамент құзыреті шеңберінде ақпарат дайындау және есептер қалыптастыру;
17) Департамент құзыреті шеңберінде кіріс хат-хабарларға жауаптарды белгіленген мерзімде қарау және дайындау;
18) кәсіптік және іскерлік біліктілікті тұрақты арттыру;
19) Департаменттің қойылған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға, нормативтік актілерге және серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

талаптары
- жоғары техникалық білім
- өндірістегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес

шарттары: 
5/2, жұмыс кестесі 09: 00-18: 30, Түскі ас 13: 00-14: 30
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман