«Энергоинформ» АҚ Технологиялық жүйелерді сүйемелдеу департаменті Энергия нарығының автоматтандырылған жүйесі бөлімі Бас сарапшы
Энергоинформ Астана қ.Міндеттері:
Техникалық талаптар мен әзірленіп жатқан Компания өнімінің жұмыс істеу ерекшеліктері тұрғысынан тұтынушының қажеттіліктерін анықтайды;
Жобаны іске асырудың жоспарлары мен кестелерін жасайды және оларды тапсырыс беруші мен Қоғам басшылығының келісуін және бекітуін қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге бастамашылық етеді;
Пайдаланушы қажеттіліктері мен АТ өнімінің мүмкіндіктерінің оңтайлы үйлесімін таңдайды;
Жобалық топтың жұмысын, бекітілген кестелер мен жоспарларға сәйкес белгіленген тапсырмаларды орындау сапасы мен мерзімдерін үйлестіреді;
АТ өнімдерін әзірлеушілер үшін техникалық сипаттамаларды жасайды;
Әзірленген АТ өнімдерін сынақтан өткізеді, кемшіліктерді анықтайды және оларды жою бойынша шараларды бастайды;
Әзірленген бағдарламалық өнімдерді енгізу процестерін сүйемелдейді, тәжірибелік пайдалану кезеңінде пайдаланушыларға консультациялық қолдау көрсетеді.
Талаптар:
- Жоғары техникалық білім, мүмкіндігінше ақпараттық технологиялар саласында
- Жобаны басқару сертификаты артықшылық береді
- Тәжірибесі 3 жылдан кем емес
- MS Office, Lotus Notes EDMS тәжірибелі қолданушысы
- Жобаны басқарудың білімі мен дағдылары;
- Электр энергетикасы секторында қолданылатын бизнес-процестерді автоматтандыру негіздерін білу;
- Тиімділікті талдау және бизнес-процестерді модельдеу әдістерін білу және қолдану;
- Техникалық құжаттаманы әзірлеу дағдылары (техникалық шарттар, нұсқаулықтар, ережелер, сынақ сценарийлері және т.б.).
- Энергетикалық заңнаманы білу.
- Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының барлық қатысушыларының жұмыс істеу принциптері мен қарым-қатынастарын білу.
Шарттары:
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру