«ҚТЖ» ҰК»АҚ - «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Тасымалдау процесі бойынша бөлімінің үйлестіру және талдау бөлімі бастығының орынбасары

444075 - 463895
Алматинское отделение магистральной сети Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
359

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • 2-РЦУП-тың Тасымалдау процесі бөлімін өтеусіз тауар-материалдық құндылықтармен (ТМҚ) қамтамасыз етуге өтінімдер беруге жауапты, түгендеу есебін жүргізеді (орг.техника, жиһаз) және олардың сақталуына жауап береді;
  • планерлік, селекторлық кеңестер, жедел талдаулар және басқа да іс-шаралар өткізу үшін материалдардың уақтылы және сапалы дайындалуын бақылау ;
  • тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдық есептерді дайындауға қатысу;
  • поездар қозғалысының кестесіне сәйкес жолаушылар және жүк (рейстік, вариантты) поездардың қозғалысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру;
  • Тасымалдау процесі бойынша бөлімнің жетекші инженерлерінің, оның ішінде: жолаушылар поездарын талдау бойынша, контейнерлік поездар бойынша, жүкті жеткізу мерзімі бойынша, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өндірістік оқыту бойынша, техникалық терезелердің берілуін талдау бойынша, пайдалану көрсеткіштері бойынша, вариантты кесте және рейстік модель бойынша жетекші инженердің лауазымдық міндеттерінің орындалуына бақылау жүргізеді;
  • техникалық сабақтардың қорытындысы бойынша сынақтарды қабылдауға қатысу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі; жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: аға диспетчер, аға диспетчердің орынбасары, бөлімше бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы