АЭЖБ бастығы

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
299

   Конкурс туралы

Міндеттері

  1. Аудандық бөлімшенің персоналына тұтынушылармен есеп айырысу кезінде қолданылатын электр энергиясына бекітілген тарифтерді уақтылы жеткізу.
  2. Электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі бағдарламалық-техникалық кешендегі есептер бойынша аудандық бөлімшелердің өндірістік қызметін бақылау және талдау әдістерін меңгеру. Электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі бағдарламаларды жетілдіру және толықтыру бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеу және дайындау, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
  3. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «АЖК» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
  4. Электр энергиясын тұтынушылардың дебиторлық қарызын төмендету бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру, дебиторларды өшіруді бақылау.
  5. Тұтынушыларға электр энергиясын өткізу бойынша қызмет сапасын арттыруда аудандық бөлімшенің қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.
  6. Қызметкерлердің өндірістік, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылау, анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау.
  7. Негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты болу.
  8. Электр энергиясымен жабдықтау мәселелері бойынша тұтынушыларды қабылдау және кеңес беру.
  9. Тұтынушы заңды/жеке тұлғалардың өтініштеріне, шағымдарына және мемлекеттік, жергілікті және құқық қорғау органдарының сұранымдарына жауап беру.
  10. Жергілікті атқарушы органдардағы кездесулерге, жиналыстарға қатысу.
  11. Тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды тұрақты негізде жүргізу.
  12. Серіктестіктің тәуекелдеріне жауапты бөлімшеге іске асырылған тәуекелдер бойынша ақпаратты дереу беру.
  13. Тәуекелдерді басқару бойынша ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес тәуекелдер бойынша мерзімді есептілікті ұсыну.
  14. Тәуекелдерді басқару әдістері мен тәсілдері бойынша, оның ішінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізуге ұсыныстар қалыптастыру.

 

Талаптар:

 

АЭЖБ бастығының жоғары экономикалық немесе техникалық білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл немесе Серіктестікте АЭЖБ бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл болуы тиіс.

 

Шарттары:

Қалыпты.

Қажетті қабілеттер

  • коммуникабельность пунктуальность умение работать в коллекти

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр