Стратегия менеджері

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
269

   Конкурс туралы

Міндеттері:

«Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) үшін «СҚ Бизнес Сервис» ЖШС (Серіктестік) бизнес-процестердің аутсорсинг қызметтерін көрсету шеңберінде:
- қызметтің түйінді көрсеткіштерінің (ҚТК), оның ішінде Қордың мақсаттарын ескере отырып, стратегиялық және салалық көрсеткіштерінің тізбесі мен нысаналы мәндерін айқындау есебінен ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы перспективаларда Қордың портфельдік компаниялары (ПК) қызметінің мақсаттарын қоюға және күтілетін нәтижелерін айқындауға, сондай-ақ орындауға қажетті стратегиялық бастамаларды айқындауға қатысу;
- ПК бизнес-жоспарларының, ағымдағы және инвестициялық қызметінің орындалуын мониторингілеу және ПК ҚТК орындаудың мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін түзету шараларын әзірлеу;
- ПК қызметінің тиімділігін талдауға және ҚТК жоспарланған мәніне қол жеткізу үшін активтердің құнын ұлғайту факторларын айқындау және олардың ПК құнына әсерін есептеу жолымен тиімділікті арттыру жөніндегі шараларды айқындауға қатысу;
- кезеңдегі ПК қызметінің нәтижелері туралы мониторингтік есепті әзірлеу, мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін ұсынымдар мен түзету шараларын қалыптастыру, ҚТК-ны орындау;
- ПК жетекшілік ететін корпоративтік органдардың қарауына шығару үшін қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша материалдарды қалыптастыруға және дайындауға қатысу.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Бейінді салалардағы жоғары білім: бизнес және басқару (экономика/қаржы/әлемдік экономика); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (экология және табиғатты пайдалану/математика/статистика).
  • Қаржы, тәуекелдерді басқару, басқарушылық есеп, CFA/CFM/ACCA/CMA/CIMA аудиті саласындағы сертификаттаудың немесе қызмет бағыттарына сәйкес келетін өзге де сертификаттаудың (FMVA, IPMA және т.б.) болғаны құпталады.
  • Халықаралық бизнес-мектептерде/университеттерде алынған MBA/MSc дәрежесінің болуы құпталады.
  • Аудиторлық және консалтингтік қызметтерді ұсынатын әлемдегі төрт ірі компаниялар желісіне кіретін компаниялардағы мамандығы бойынша; ұлттық әл-ауқаттың жетекші қорында немесе тікелей инвестициялардың жетекші қорында/инвестициялық банкте/ірі әртараптандырылған холдингтік өндірістік/инвестициялық компанияларда және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында/ұлттық компанияларда/ұлттық басқарушы холдингтерде кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.

 Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:

  • Жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Қордың ПК саласын білу, халықаралық экономикалық, салалық және бизнес-үрдістерді түсіну, ағымдағы жағдайды және Қордың ПК қатысу нарығын дамытудың перспективалық бағыттарын (қазақстандық және халықаралық) білу;
  • экономиканың түрлі салаларында бизнесті дамытуды қоса алғанда, стратегиялық басқару, активтерді басқару қағидаттарын білу;
  • Қордың ПК бойынша жаһандық салалық трендтерді білу, әлемдік нарықтар конъюнктурасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Қордың серіктес елдерінің нарықтарын түсіну;
  • Microsoft Office® бағдарламалар пакеті саласындағы білім;
  • қаржылық және қаржылық емес ҚТК-ны анықтау және есептеу негіздерін білу.

 Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • келесі салаларда процестерді ұйымдастыру және іске асыру қабілеті:
  • стратегияның мақсаттары мен міндеттерін декомпозициялау;
  • стратегиялық жоспарлау саласындағы құжаттардың әдіснамасы мен стандарттауын әзірлеу;
  • инвестициялық жобалардың мониторингі және пост-мониторингі;
  • функционалдық міндеттер шеңберінде процестерді оңтайландыру мен автоматтандыруды арттыру;
  • активтер портфелі шеңберінде оң экономикалық нәтижеге қол жеткізу жөніндегі бастамаларды іске асыру;
  • тиімді презентация және іскерлік қарым-қатынас.
  • қолданбалы жоспарлау және бизнес-талдау бағдарламаларын пайдалана алу;
  • ішкі нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын қалыптастыра алу;
  • жетекшілік ететін бағытта тиімділікті арттыру бойынша сараптамалық қорытындыны қалыптастыру және нақты ұсыныстар/ұсынымдар әзірлей алу;
  • деректерді қарқынды, ауқымды жинау және талдау, сондай-ақ салыстырмалы талдау жүргізе алу;
  • ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы жүйелерін қолдана отырып жұмыс істей алу.
  • активтер портфелінің стратегиясын Қордың стратегиясымен және миссиясымен келісу қабілеті;
  • қызмет бағыттары бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару қабілеті;
  • талдау ақпаратын дайындау дағдылары;
  • іскерлік хат алмасу, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары, қызметті ұйымдастыра және жоспарлай білу, стратегияны түсіну және мақсаттар мен міндеттерді декомпозициялай білу;
  • MS Office тәжірибелі пайдаланушысы.

 Құзыреттер (жеке):

  • нәтижеге бағдарлану;
  • жауапкершілік;
  • командада жұмыс істеу;
  • коммуникация дағдылары;
  • өзгерістерді басқару.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр