Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс департаментінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік бөлімшенің жетекші маманы

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
179

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жергілікті атқарушы органдардан және бас мердігерден Жобаның өңірдегі барысы туралы ақпаратты қабылдау, жинау және орталық аппаратқа жіберу;
  • облыстағы (орталық аппарат) құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы ақпаратты жинау, талдау және басшылыққа дайындау;
  • ұлттық пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын басшылық және басқа да ұйымдар мен мемлекеттік органдар үшін есептер мен презентация материалдарын дайындау;
  • заң бөлімінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар мен қосымша келісімдерді дайындауын бақылау;
  • сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын алуды қоса алғанда, бастапқы рұқсат беру құжаттамаларын жинауды қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органның ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен келісу;
  • мердігерлерге жобалық-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ), жер учаскелерін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға арналған актіні (бұдан әрі – ЖСҚ) беруге қолдау көрсету;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылау;
  • бас кеңседе облыстағы техникалық және сәулеттік қадағалау мамандарының, инженерлік-техникалық персоналдың мердігерлерге ақы төлеуге, орындалған жұмыстардың актілеріне бекітілген көлемдерді қолдау;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының және технологиялық (бұдан әрі – ТК) жабдықтар мен жиһаздың орындалу мерзімін бақылау;
  • атқарушылық құжаттаманың жинақталуын бақылау;
  • келіп түскен хат-хабарларды қарау және олармен жұмыс істеу;
  • департамент басшылығының тапсырмаларын орындау;
  • құрылымдық бөлімшеге жүктелген бизнес-процестердің шеңберінде құрылымдық бөлімшенің функцияларына сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (лауазымның профиліне сәйкес);
  • жоғары білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын қоспағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл;
  • мемлекеттік тілді және орыс тілін білу;
  • жауапкершілік, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, өз бетімен және топпен жұмыс істей білу.

Шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тіркеу;
  • Жұмыс уақыты 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
  • Әлеуметтік пакет, мат. демалыста көмек көрсету;
  • KPI көрсеткіштерін қанағаттандыру үшін бонустық төлемдер.