Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас маманы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
57

Қаралған саны:
1206

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕРІ:

  • ҚЕХС талаптарына, Қазақстан Республикасы заңнамасының талабына, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Есептік саясатына сәйкес Қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындау;
  • аудиторлық нысандарды тексеру, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ автоматтандырылған есептілік жүйесінде қаржылық есептің шоғырландырылған пакетін дайындау, қаржылық есептілікті ашу үшін ақпарат жинау, қаржылық есептіліктің мына баптары және элементтері бойынша бақылау рәсімдерін жүргізу және аудиторлық рәсімдерді жүргізуді қамтамасыз ету (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, сату үшін арналған ұзақмерзімді активтер, пайдалану құқығы нысанындағы активтер, жалға алу бойынша міндеттеме, өзге табыстар/шығыстар);
  • ҚЕХС (IFRS) 16 қаржылық есептілікке әсерін талдау, бухгалтерлік есепте көрсету үшін түзетуші есеп айырысуларды дайындау; ҚЕХС (IFRS) 16 қаржылық есептілікке әсерін талдау, жалға алуды бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсету үшін есеп айырысуларды және түзетуші жазбаларды дайындау;
  • еншілес кәсіпорындардың қаржылық есептіліктерін тексеру;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының корпоративтік есептік саясатына сәйкес Қоғам ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы ай сайынғы шоғырландырылған есепті дайындау;
  • Қоғамның қаржылық есептілігін дайындау шеңберінде Қоғамның еншілес және бірлесіп-бақыланатын ұйымдарымен өзара әрекет ету; 
  • Қоғамның негізгі құралдарын қайта бағалауды жүргізу бойынша жұмысқа қатысу;
  • Қоғамның қаржылық есептілігіне аудит (шолу) жүргізу шеңберінде сыртқы аудитормен өзара әрекет ету.

Талаптар:

  • кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім, мамандық бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.
  • қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын; бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын; табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын; менеджмент жүйесін білу; ҚР СТ 1928-2015 сәйкес мемлекеттік тілді базалық деңгейде меңгеру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)