Жобаларды басқару және технологиялық шешімдер қызметінің жетекші инженері (аспаптар мен автоматтандыру)

"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
255

   Конкурс туралы
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1. Белгіленген талаптарға, күнтізбелік жоспарға және өнімді әзірлеуге бекітілген бюджетке сәйкес өз құзыреті шеңберінде жобаны сапалы және уақтылы орындау;
2. Апта сайынғы негізде өнімді әзірлеу сапасын тексеру;
3. Есептік құжаттарды, презентацияларды және басқа жобалық материалдарды дайындау;
4. Жоба жетекшісімен және үйлестірушісімен келісім бойынша өз құзыреті шеңберінде, Тапсырыс берушімен хат алмасу;
5. Жұмыс кеңестеріне қатысу;
6. Қабылданған жобалық шешімдердің негіздемесін ұсыну (қажет болған жағдайда);
7. Жұмыс барысында туындайтын қатерлерді жою бойынша іс-шараларды анықтау, әзірлеу;
8. Бақылау органдарында, сараптамаларда, сондай-ақ жоба үйлестірушісімен бірлесіп Тапсырыс берушіде қабылданған жобалық шешімдерді қорғау;
9. Жұмыстарды сапалы орындауға ықпал ететін әдістемелік және жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
10. ЭС инженерлер тобына техникалық басшылықты жүзеге асыру;
11. Заманауи деңгейге сәйкес келетін өз бейіні бойынша жобалау саласында Техникалық саясат жүргізу, жобалаудың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың әзірленетін жобаларда іске
асырылуын қамтамасыз ету;
12. Электрмен жабдықтау, электрохимиялық қорғау, электрмен жылыту жүйелері бойынша принципиалды техникалық шешімдерді әзірлеуге және келісуге қатысу;
13. Техникалық құжаттаманың Жоғары сапасы мен уақтылы шығарылуын, нормативтік және басшылық материалдарды, бұйрықтарды, нұсқауларды қолдануды қамтамасыз ету;
14. Ең күрделі техникалық мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеу және дайындау;
15. Жобалау үшін бастапқы деректердің толықтығын анықтау. Жобаның бас инженерімен қатар жобалауға тапсырманы, инженерлік ізденістер бөліміне тапсырманы, аралас өндірістік
бөлімдерге тапсырмаларды дайындауға қатысу;
16. Бөлім жобалаған, отын-энергетикалық және еңбек ресурстарын және басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерді үнемдеуге қол жеткізген объектілерде жаңа техниканы енгізудің,
сондай-ақ үлгілік және қайталама жеке экономикалық жобаларды қолданудың есебін жүргізу және қамтамасыз ету;
17. Нормативтік құжаттамадағы өзгерістерді бақылау, бұл туралы қызметкерлерді хабардар ету, өзгерістердің есебін жүргізу;
18. Тікелей басшылықпен бірлесіп бөлімнің техникалық қызметін жақсарту, жобаларда жаңа техникалық шешімдерді қолдану, Жобалау үдерісін ұтымды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
19. Техникалық оқудан өту үшін қызметкерлердің кандидатураларын ұсыну;
20. Бөлім әзірлейтін техникалық құжаттаманың қолданыстағы нормаларға, ережелерге және басшылық нұсқауларға сәйкестігіне техникалық бақылауды жүзеге асыру және оған қол қою;
21. AUTOCAD бағдарламасын жақсы меңгеру;
22. Осы Нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған қызметкерді алмастыру;
23. Жобаланатын объектілер бойынша бастапқы деректерді жинаумен айналысу;
24. Инженерлік желілер мен коммуникацияларға техникалық шарттарды сұрату;
25. Жұмыс жобаларын Тапсырыс берушімен келісу;
26. Тапсырыс берушімен, бақылаушы органдармен хат алмасуды жүргізу;
27. Жоғары тұрған ұйымдарда және сараптама органдарында Жобаны қорғауды жүргізу;
28. Бағыныстыларда Еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуын бақылау; 

Талаптар:
Тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім
Техникалық (мұнай және газ кен орындарын әзірлеу және пайдалану/ жобалау саласында). Мұнай-газ ісі.

Шарттар:
Атырау
5/2