4-ші разрядты технологиялық жабдық және онымен байланысты құрылымдардың монтаждаушысы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
108

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Құбырлар мен фитингтерді монтаждауға дайындау; Қол құралының жарамды күйін бақылау; Жабдықтарды монтаждау және геотехнологиялық блоктарда коммуникацияларды төсеу кезінде негізгі және қосалқы жұмыстарды орындау; Геотехнологиялық блоктардың аумағын жинау; Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтауға көмек көрсету; Өз құзыреті шегінде жұмыс берушінің актілерінің, саясаттарының, ережелерінің, нұсқаулықтарының және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты басқа да құжаттарының жеке сақталуын қамтамасыз ету; Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). Тікелей басшыға 4-ші разрядты технологиялық жабдық және онымен байланысты құрылымдардың монтаждаушысының лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Орта арнайы (техникалық) білім

Дағдылар:

ГТА құрылысы бойынша жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын жабдықты техникалық пайдалану қағидаларын білу; Қолданылатын құрылыс жабдықтарының сипаттамаларын білу; ГТА құрылысы кезінде қолданылатын құрылыс-монтаждау техникасы мен жабдықтарды білу; ПНД құбырларын түйістіріп дәнекерлеу технологиясы мен процесін білу ПВХ құбырларын желімдеу технологиясы мен процесін білу; Құбыржол бөлшектерінің, бекіту арматурасының, төсемдердің түрлері; Қолданылатын материалдардың қасиеттері; Құбырларды төсеу және гидравликалық сынау ережелері; Дәнекерлеу жұмыстарына буындарды дайындау кезіндегі рұқсаттар; 200 мм дейінгі термопластикалық құбырларды дәнекерлеу әдістемесі; Диаметрі 160 мм дейінгі ПВХ құбырларын желімдеу әдістемесі; Түйіспелі дәнекерлеуге, кеңернеуге дәнекерлеуге және термопластиканы терморезисторлық дәнекерлеуге арналған дәнекерлеу аппараттарында жұмыс істеу тәсілдері; Құбырлардың, фитингтердің және бекіту арматурасының типтік өлшемдері; Бекіту материалдарының типтік өлшемдері (шпилькалар, гайкалар, шайбалар, болттар және т. б.); Қол электр құралдарымен жұмыс істеу ережесі;

Қосымша:

"В, С"санатындағы жүргізуші куәлігі.

Білетін тілдер:

Тілдерді меңгеру: қазақ тілі (ауызекі), орыс тілі (ауызекі)