Дуомат-3094 жол машинасының машинист көмекшісі

293219 - 309074
Шуская машинизированная дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
89

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Машинист және машинист көмекшісі лауазымына Шу машиналандырылған жол дистанциясы директорының_____________________  бұйрығымен,

                    (уәкілетті тұлға лауазымының атауы)

___________директор Ғ. Қамбаровтың__________________________ (бұдан әрі – филиал)

        (құрылымдық бөлімше басшысы лауазымының атауы)

ұсынуы және ______________________________________________________________________

(келісімі талап етілетін жағдайларда, құрылымдық бөлімшенің атауы)

___________________________________________________________ басшылығымен келісім бойынша тағайындалады.

            Машинист және машинист көмекшісі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген негіздер бойынша лауазымнан______________________директордың__________________________________                                                            (лауазымның атауы)

бұйрығымен босатылады.

  1. Уақытша болмау (іссапар, демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық және т.б.) кезеңінде______________________________________ жұмысын атқарады.
  2. Машинист және машинист көмекшісі _______директорға____________ бағынады.
  3. Машинист және машинист көмекшісі өз жұмысында Департамент (Дирекция, Басқарма, Филиал) туралы Ережені, осы лауазымдық нұсқаулықты және т.б. басшылыққа алады.

 

 

 

  1. Міндеттері

 

  1. Машинист және машинист көмекшісінің еңбек міндеттеріне:

1) еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және еңбек режимін сақтау;

2) осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған еңбек міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау;

3) құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын орындау;

4) басшылықтың тапсырмаларын орындау;

5) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдерді қабылдау кезінде бюрократтық көріністерге және шұбалаңдыққа жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;

6) Қоғам беделінің және имиджінің нығаюына қолғабыс ету;

7) іскерлік этика нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген корпоративтік мәдениетті сақтау;

8) ұқыптылық және өзі мен өзінің қарамағындағы қызметкерлерге талап қоя білушілік;

9) Қоғамның басқа қызметкерлерін құрметтей білу, этикалық нормаларды сақтау;

10) биязы, әдепті болу, іскерлік қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;

11) кәсіби қасиеттерді жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастама көтере білу және творчестволық тұрғыдан келу, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде қолдау көрсету;

12) әріптестер мен басшылардың сындары мен ескертулерін оң қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерді дер кезінде мойындай білу;

13) жинақылық және ұқыптылық, еңбек міндеттерін орындау кезінде іскерлік киім стилін сақтау;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасының, мемлекеттік органдардың, Жалғыз акционер актілерінің және Қоғамның қызметіне қатысты өзге құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;

15) кәсіптік функцияларын адал әрі дұрыс, лайықты ұқыптылықпен және сақтықпен, Қоғамның және Жалғыз акционердің мүдделерін ескере отырып, дау-дамайға бармай орындау;

16) өзінің іске деген қатынасымен және жеке қарым-қатынасымен еңбек ұжымында тұрақты әрі дұрыс моральдық-психологиялық ахуал тудыруға көмек көрсету;

17) Қоғамның жергілікті актілерінде көзделген тәртіпте Қоғамға қатысы бар мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы немесе өзге мәселелерге байланысты кез-келген коммерциялық немесе өзге жеке мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы дереу хабарлау;

18) шешімінде жеке мүдделілік бар мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыспау;   

19) еңбек міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделерді немесе жеке пайданы емес, Қоғамның мүдделерін сақтау;

20) құпиялылықтың және Қоғамның жергілікті актілерінің нормаларын бұзбай, дер кезінде шүбәсіз ақпарат беру;

21) өзінің пайдаланысындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

22) еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және (жұмыс берушінің) Қоғамның өзге жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;

23) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және жеке еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтау;

24) Ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың және басқа да нормативтік актілердің талаптарын орындау;

25) Жұмысқа жұмыс графигінде белгіленген мерзімде бару;

26) Ауысым алдындағы медициналық  тексеруден, техника қауіпсіздігі және қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардан өту;

27) Медициналық тексерулер ұйымдастырылған станцияларда медициналық тексеруден өту керек, маршруттық парақта медициналық тексеруден өту мерзімі және уақыты белгілену керек, медициналық қызметкердің қолы және штамп қойылу керек;

28) Жұмыста машинаны басқаруға құқығы бар куәлігі және машинист формуляры, ескерту талоны өзімен бірге болу керек;

29) Машинист жұмысқа шығар алдында машинаның жарамдылығына сенімді болу қажет, қосалқы бөлшектердің және құрал-саймандардың, дәрі-дәрмек қобдишасының бар болуын тексеру, маршруттық парақты тіркеу;

30) Машинаға орнатылған қауіпсіздік жүйелерге және құрылғыларға бөгде адамдардың жұмысқа араласуын жібермеу;

31) Тыйым салынған белгілерге жақындаған кезде басқару кабинасын тастап кетпеу;

32) Орындалған жұмысқа негіздеме уақыт нормасын дайындауға қатысады, материалдық шығындардың нормативін есептейді;

33) Техникалық нормативтерді, нұсқаулықтарды, сұлбаларды, маршруттық карталады, карталардың технологиялық деңгейде болуын және жұмыстың сапалы орындалуын дайындайды;

34) Дайындалған құжаттарды мекеменің цехымен және бөлімдерімен келісіп шешу;

35) Техникалық тәртіпті, техника қауіпсіздігінің ережесін және жол машиналарының жұмысы кезінде және тасымалдау кезінде  поезд қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды жүзеге асырады;

36) Жол машиналарын дұрыс пайдалануды және олардың сақталуын қамтамасыз етіп, бақылау;

37) Жөндеу графигін дайындауды ұйымдастыру;

38) Жөндеу жұмысын жүргізу, жабдықтарды сынақтан өткізу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережесін сақтау;

39) Бір күндік орындалған жұмыс туралы есеп беру, сонымен қатар машинаның жұмысы туралы бір айлық және бір жылдық есеп беру;

40) Пайдаланылған жабдықтарды анықтау бойынша шара қолдану;

41) Еңбекті ұйымдастыру, өндірісті ұйымдастыру, оның технологиясын, өндірістік процесстің автоматизациясын, механикаландыруын ұйымдастыруды енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;

42) Жөндеу жұмысын жүргізген кезде техника қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережесін сақтау, өртке қарсы ережелерді орындауды қамтамасыз ету;

43) Қауіпсіз еңбек шартын құру жөніндегі шараларды дайындауға және енгізуге қатысады;

44) Жабдықты жөндеу және пайдалану кезінде жабдықтың және механизмнің жұмысын жақсарту, салалық нормативтің және мемлекеттік стандарттың жобасын енгізу.

 

  1. Құқықтар

 

  1. Машинист және машинист көмекшісі белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен құжаттарды және статистикалық, анықтамалық, талдамалық және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді және маманға жүктелген міндеттерді іске асыруға қажет басқа ақпаратты алуға;

2) құрылымдық бөлімшенің басшылығына құрылымдық бөлімшенің жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;

3) еңбек міндеттерін орындау кезінде ақпаратты алу және / немесе беру мақсатында техникалық және өзге құралдарды, компьютерді, көшіру – көбейту және өзге ұйымдастыру техникасын, байланыс және коммуникацияның тиісті жүйелерін, Қоғамда бар базалық міліметтерді және ақпараттық ресурстарды, Департаментке (Дирекцияға, Басқармаға, Филиалға) рұқсат етілген базалық мәліметтерді пайдалануға;

4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен көзделген тәртіпте кәсіби даярлыққа, қайта даярлауға және өзінің біліктілігін арттыруға;

5) Қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес Қоғам қызметкерлері үшін белгіленген барлық құқықтарды және жеңілдіктерді пайдалануға құқығы бар.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім