"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалы №15 Курорт-Бурабай станциясының қалпына келтіру поезы бастығының орынбасары

331384 - 344864
Акмолинское отделение магистральной сети Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
82

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Кран машинистерінің, кран машинисі көмекшілерінің, ілмектеушілердің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтармен жүктелген міндеттерді орындауын, вахта журналдарын толтыруын бақылау;
  • Жылжымалы құрам түсуінің салдарын жоюға шыққан жағдайда шығып қалған жылжымалы құрамды көтеруге қатысу;
  • Жылжымалы құрамды, гидравликалық жабдықтарды, механизмдерді жарамды күйде және жұмысқа тұрақты дайындықта ұстауды қамтамасыз ету;
  • Авариялық-далалық командалардың жабдықтармен жарақтандырылуын тексеру және Авариялар мен жылжымалы құрамның түсу зардаптарын жою үшін авариялық-далалық командаларды ұйымдастыру және ұстау қағидаларына сәйкес өз учаскесінің станцияларында авариялық-далалық командалармен техникалық сабақтар өткізу;
  • Қалпына келтiру поезы орналасқан жерге бақылау шақыруымен пассивтi кезекшiлiктегi (үйдегi) қызметкерлердiң мiндеттерiн орындауына кенеттен (оның iшiнде түнгi) тексерулер жүргiзу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мамандандырылған оқу орталығында мамандығы бойынша даярлау
  • Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару, Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, электрмен жабдықтау.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)