Қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебері

255283 - 275283 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
172

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Жөнделетін жабдықтың және оның тораптарының әрекет ету қағидатын, орналасуы мен қолданылу мақсатын білу; жабдықтың тораптары мен бөлшектерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру бойынша жұмыстарды орындау тәсілдері; күрделі емес сілесірлік және өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолдану қағидалары; қол, пневматикалық және электрлендірілген аспаппен жұмыс істеу кезінде қорғаныс және сақтандыру құралдары; ЖЖЖ сай инвентарлық және инвентарлық емес құрылыс ағаштарын орнату қағидалары.  Такелаждық жұмыстардың тәсілдері. Такелаждық құралдарды орнату және пайдалану қағидалары;

Механика, жылу техникасы және электр  техникасы бойынша мәліметтерді білуі тиіс. Ұйымдастырушылық қабілеттер.

ҚР заңдарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, техникалық пайдалану саласында, құрал-саймандармен және керек-жарақтармен және т.б. жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қағидаларын білу.


Талаптар:

тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және өндірістегі кемінде 1 жыл  жұмыс өтілі бар немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы керек.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы