Кадрлар менеджері, бухгалтерлік есеп бөлімі Күмістау (Серебрянка стансасы) «ҚТЖ» ҰК филиалының Семей магистральдық желісі филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы»

от 383709
Семейское отделение магистральной сети Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
139

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Еңбек шарттарын жасау, өзгерту, тоқтатуды рәсімдеу (қағаз және электронды түрде);
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібіне сәйкес жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, еңбек демалысы және басқа демалыстарды рәсімдеу;
  • Жеке құрамды есепке алу, жеке іс қағаздарын өзгерістерімен рәсімдеу (зейнетақы шарты, медициналық тексеру, диплом, мекен жайы туралы анықтама, отбасы құрамы туралы анықтамалар және т.б.)
  • Ай сайынғы, тоқсандық, жыл сайынғы және статистикалық есептерді жасау, Компанияның ішкі локалдық актілерінің талабына сәйкес  еңбек тәртібі,штатты толықтыру, оқытылудан өткен, біліктігін көтеру курстарынан жұмыскерлер бойынша және т.б. есептерді дайындау;
  • Компанияның локалдық актілері талабына сәйкес ваканттық орындар қабылдау үшін конкурс ұйымдастырып, өткізу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары (жоғарғы оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: «Менеджмент; Экономика; Психология; Филология; Педагогикалық мамандықтар (табиғи және қоғамдық ғылымдар), Темір жол мамандықтары, Еңбекті қалыптастыру және ұйымдастыру, Юриспруденция, Мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • Еңбек өтілі: Еңбек өтілі мамандық бойынша немесе персонал басқару қызметінде 4 жылдан кем емес;
Қосымша талаптар:
  • Мемлекеттік тілді білуі қажет

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр