Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі инженер

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
218

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі инженеріне келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі: Компанияның техникалық даму перспективаларын құру; Ғимараттар мен құрылыстарға жөндеу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетуді (бұдан әрі мәтін бойынша-ТҚК) ұйымдастыру; Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру; Жабдықтарды және Компанияның басқа да негізгі қорларын (ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйелерін, кәріздерді, ауа құбырларын және т. б.) жөндеудің әр түрлі перспективалық және ағымдағы жоспарларын (кестелерін), сондай-ақ оларды пайдалану мен қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асыруға көмек көрсету, бекітілген жоспарлардың (кестелердің) орындалуын бақылайды; Жабдықты уақтылы баптау мен жөндеуді, компанияның тиімді жұмысын, жөндеудің прогрессивті технологиясын, жоғары тиімді жөндеу құрылғыларын, көп еңбекті қажет ететін процестерді механикаландыруды қамтамасыз ететін кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізу; Ғимараттар мен құрылыстардың тұтастығына және одан әрі пайдалануға әзірлігіне тексеру жүргізуге жәрдем көрсету; Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін есепке алу және бақылау жөніндегі құжаттаманы жүргізу; Жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастыру, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектерге, сондай-ақ оларға қатысты жабдықтарға қажеттілікті айқындау; Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барлық берушілердің (бұдан әрі – мердігерлер) қызметін бақылау және жұмыс тиімділігінің есебін жүргізу; Ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге, жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығы мен құнын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға, негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыруға (тозуға төзімділігін арттыруға) бағытталған іс-шараларды әзірлеу; Негізгі қорларды жаңғырту және күрделі жөндеу, өндірісті техникалық дамытуды жоспарлау бойынша жұмысқа қатысу; Ғимараттар мен құрылыстардың жоғары тозу, авариялар себептерін талдау және олардың себептерін, сондай-ақ өндірістік жарақаттану себептерін тексеруге қатысу, оның алдын алу бойынша шаралар қабылдау; Ақаулар тізімдемесін, жөндеу жүргізуге өтінімдерді жасаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылау; Қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құралдарға өтінімдер мен сипаттамалар жасау, олардың дұрыс жұсалуын бақылау; Негізгі (өнеркәсіптік-өндірістік және өнеркәсіптік емес) қорларды күрделі жөндеуге, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруге, қажет болған жағдайда жер құжаттарын ресімдеуге және осы мақсаттарға қаражаттың жұмсалуын бақылауға шарттар жасасу үшін материалдар дайындау; Жабдықты жөндеу мен пайдалануды ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтау және тарату; Компанияның жабдықтарын, ғимараттарын және басқа да негізгі қорларын есепке алу мен паспорттауды жүргізу, оларды жөндеуден, жаңғыртудан және реконструкциялаудан кейін паспортқа өзгерістер енгізу, қажетті техникалық құжаттаманы жасау және белгіленген есептілікті жүргізу; Өз құзыреті шегінде аралас құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасау; Тікелей бағыныстылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек тәртіптемесі қағидаларын, жұмыс берушінің актілерін сақтауын бақылау; Компанияның тікелей басшысының, Бас директорының және басқа да басшыларының, сондай-ақ жедел және өндірістік кеңестердің жекелеген тапсырмалары мен қойылған міндеттерін орындау; Жабдық жұмысындағы ақауларды жоюға көмек көрсету; Қажет болған жағдайда ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс берушінің актілерін сақтай отырып, қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеу, қойылған міндеттерді іске асыру үшін ТЖҚ сатып алу үшін бөгде ұйымдармен шарттар жасасуға бастамашылық жасау және мердігерлердің жұмыстарды орындауын бақылау; Қажет болған жағдайда Компанияның тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін алқалы органдарына қатысу; Қарамағындағыларды жұмыс берушінің актілерімен және Компанияның өзге құжаттарымен уақтылы таныстыру; Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс бөлу, қарамағындағылардың (қарамағындағылар болған кезде) лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; Компания басшылығының тапсырмасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша Компания құжаттарын, жұмыс берушінің орындалатын жұмысқа қатысты актілерін әзірлеу; Бөлімше штатын білікті жұмыскерлермен (бағыныстылары болған кезде) қалыптастыруға қатысуы; Қарамағындағылардың қызметіне және қарамағындағылардың өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына (қарамағындағылар болған кезде) басшылық ету және бақылау ; Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). Компанияның Бас директорына және/немесе Бақылау және қадағалау жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. Тікелей басшыға ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі инженердің лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау. Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі инженердің лауазымдық міндеттері келесі себептер бойынша ҚР заңнамасы аясында өзгеруі мүмкін: Жалпы техникалық қызмет көрсету бөлімі мәртебесінің, мақсатының және функцияларының өзгеруіне немесе оны қайта құруға әкеліп соқтыратын Компанияның (Компанияның Қадағалау кеңесінің шешіміне, Компанияның Бас директорының бұйрығына сәйкес орындалатын) басқарудың ұйымдық құрылымының және штат кестесінің өзгеруі; Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі инженердің жауапкершілік саласын, өкілеттігін, бағыныстылығын және жұмыс тәртібін өзгертетін Компанияның даму және жақсарту жөніндегі жоспарлары; Жоғары тұрған басшымен, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директорымен келісілген және Компанияның Бас директоры бекіткен осы лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер енгізу жөніндегі тікелей басшының шешімі.

Білім:

Жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім

Дағдылар:

Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; Жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстарға және инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар. Жөндеу жұмыстарын және жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; Жабдықтың техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, мақсаты мен жұмыс режимдері, оны техникалық пайдалану қағидалары; Жөндеу жұмыстарын жоспарлау әдістері; Жөндеудің озық жүйелері және жөндеу жұмыстарының технологиясы; Жөндеу жүргізуге арналған сметаларды, жабдықтарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға және т. б. өтінімдерді жасау тәртібі; Ақшалай қаражат пен шығын материалдарын күрделі және операциялық бюджеттеуді жоспарлау, сондай-ақ оның орындалуын бақылау.

Қосымша:

Жүргізуші куәлігі – санаты: В, жүргізуші тәжірибесі кемінде 3 жыл; Қарым-қатынас дағдылары, көшбасшылық қабілеттер, жауапкершілік, ашықтық.

Білетін тілдер:

Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) - міндетті; Қазақ тілін (ауызша және жазбаша) білу-міндетті; Ағылшын тілін білу-бастапқы деңгей;