"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "отын ресурстары орталығы"жабдығының директоры

Жалақы көрсетілмеген
«ҚТЖ-Жук тасымалдары» ЖШС-нің - «Отын ресурстық орталығы» филиалы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
163

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) Филиалдың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2) Филиалдың бірыңғай экономикалық, техникалық, инвестициялық, кадрлық және әлеуметтік саясатын айқындайды;

3) өндірістік-шаруашылық қызметтің тиімділігін, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға және қазіргі заманғы менеджмент жүйесін қалыптастыруға бағытталған Филиалдың даму стратегиясын айқындайды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

4) Филиалдың бюджетінде көзделген сомалар шегінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру процесін ұйымдастырады және басқарады, сатып алу рәсімдерінің сақталуын және жасалған шарттар мониторингін бақылайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Филиалдың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саясатын қамтамасыз етеді;

6) ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Филиалдың мүддесін білдіреді;

7) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа жеке және заңды тұлғаларымен экономикалық ынтымақтастықты және өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

8) Филиал қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

9) Филиал қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;

10) Филиал қызметкерлеріне қатысты Филиал атынан еңбек шарттарын жасайды және бұзады, жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтар шығарады, лауазымдық жалақысын белгілейді, сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

11) қатысушылардың жалпы жиналысы/Филиалдың Бақылау кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, Филиал қатысушыларының жалпы жиналысына Филиалдың Даму жоспары мен бюджетінің орындалуы туралы есепті, нысандардағы өзге де есептілікті ұсынады. және қатысушылардың жалпы жиналысы белгілеген мерзімдерде;

12) Филиал басшылығы арасында міндеттерді, өкілеттік және жауапкершілік салаларын бөледі;

13) «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Басқармасының өзге де тапсырмаларын орындайды;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Филиал жарғысында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

Білімі: Тиісті қызмет бейініне сәйкес жоғары кәсіби.

Тиісті лауазымының бейініне сәйкес магистр дәрежесі/МВА/басқасының болуы (мүмкіндігінше).

Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейініне сәйкес кем дегенде 5 жыл, соның ішінде қызмет бейіні бойынша және/немесе қызметінің ауқымы, күрделілігі, және табысының көлемі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобымен салыстырмалы компанияларды басшылық лауазымдарда кем дегенде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру