«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ арнаулы техника және автокөлік колоннасының (БӨБ) механигіне

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
90

Қаралған саны:
1000

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:
1. Мұнай және газ өндіру, өңдеу және тапсыру жоспарын орындау бойынша      өндірістегі қалыпты жұмысты қамтамасыз ету мақсатында, Басқарма бөлімшелерін арнайы техникамен, технологиялық, жолаушылар, жүк көлігімен қамтамасыз ету;

  1. Шартқа және сұранысқа сай бөлімшелерге сырт ұйымдардың уақтылы көлік құралдарын бөлуіне бақылауды жүзеге асыру;
  2. Автокөлік және арнайы техника бөлу, бөлімшелерді автокөлікпен және арнайы техникамен қамтамасыз ету сұранысын орындау.
  3. Басқарма бөлімшелерінің және жұмыскерлерінің көлік құралдарын тиімді пайдалануын бақылау және талдау жүргізу. Көліктің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бойынша уақтылы және тиімді шаралар алу. Автокөлік және арнайы техниканың дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  4. Жүк ағындарын, жұмыс режимдерін, автокөлік пен арнайы техниканың тасымалдау және қызмет көрсету көлемін зерделеу және нақты шарттарды ескере отырып, автокөлікпен және арнайы техникамен тасымалдауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыру, жоспар мен өтінімдерді негізге ала отырып, жүргізушілер мен машинистердің ауысымын ұйымдастыру, оларға тапсырмалар белгілеу. Автокөлік пен арнайы техниканы техникалық дұрыс пайдалануды, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Басқарма балансындағы барлық АТС, GPS-мониторингі жүйесінің, сондай-ақ Басқарма объектілерінде жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың АТС жұмысын күнделікті бақылауды және талдауды жүзеге асыру.
  5. Мердегер мекемелермен арадағы шарттар бойынша калькуляцияны тексеру;
  6. GPS деректері бойынша жолда жүру парақтарында көрсетілген көліктің жұмыс уақытының, сондай-ақ жоғарғы жабдықтың жұмыс уақытының дұрыстығын тексеру және бақылау, деректерді көлік жұмысын есепке алу мәліметтеріне енгізу;.
  7. Көлік мердігерлерінің жолда жүру парақтарын GPS көрсеткіштерімен, жолда жүру парақтарының реестрлерімен салыстыру, қате ресімделген бастапқы құжаттарды контрагенттерге қайтару;
  8. Шарттар бойынша орындалған жұмыстар көлемінің бюджеттің және жасалған шарттардың сомасынан аспауына бақылау;
  9. Автокөлік пен арнайы техника жұмысының техникалық-пайдалану және экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, қаржы тәртібін нығайту, көлік қызметтері үшін бюджеттің артық шығынын болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  10. Жанар-жағармай материалдарының болуын және қозғалысын есепке алу, техникалық және есептік құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  11. Жанар-жағар май материалдарының ұиымды пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
  12. ЖЖМ есептен шығару бойынша материалдық есептерді, отын шығысының нормаларын, отын шығысының базалық нормаларына жоғарылату коэффициенттерін қолданудың дұрыстығын тексеру;
  13. Басқарманың барлық АТС-індегі GPS-мониторинг жүйесінің жұмысын талдауды уақтылы бақылау, сондай-ақ басшылыққа жылдамдық режимінің, жүру бағытының және ЖЖМ-дың рұқсатсыз жұмсалуы бойынша орын алған бұзушылықтар туралы хабарлау;
  14. Автокөлік пен арнайы техника жұмысының жылдық және айлық жұмыс-кестесін жасау;
  15. Автокөлік пен арнайы техниканың болуын және қозғалысын есепке алу, техникалық және есептік құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  16. Жабдықтарды пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, автокөлік пен арнайы техниканы пайдаланумен байланысты авариялардың, өрттердің, жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
  17. Автокөліктің, жабдықтың, арнайы техниканың техникалық күйінің, орнату және техникалық пайдалану қағидаларының, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : сәйкес мамандық бойынша жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : 2 жылдан кем емес


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Автокөлік құралының жылжымалы құрамына механикалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша басшылық құжаттар;
  3. Құрылғылар, автокөліктер мен прицептердің конструктивті ерекшеліктері, қызметі;
  4. Автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу технологиясы;
  5. Еңбек пен өндірісті ғылыми ұйымдастыру негіздері;
  6. Автокөлік күйін диагностикалау әдістері;
  7. Экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері, еңбек заңнамасы;
  8. Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау нормасының қағидасы.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Тұтынушы деңгейінде компьютерде жұмыс жасау дағдысы.

 

 Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Жылыоймунайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі – вахта әдісі
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру