«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының персоналды басқару бөлімінің бастығы

444075 - 463895
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
107

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Бөлімше жетекшілік ететін бөлімшелер мен филиалдарда бірыңғай кадрлық және әлеуметтік саясатты жүргізуді, кадрлық іс жүргізудің бірыңғай стандарты бойынша кадрлық қызметтердің жұмыс істеуін, кадрларды орталықтандырылған есепке алу тетігін жетілдіруді қамтамасыз етеді;
  • жыл сайын салалық жарыстың қорытындысын шығару бойынша материалдар дайындайды;
  • бөлімшенің білікті мамандарға, сапалы кадр резервін қалыптастыруға қажеттілігін қанағаттандырады;
  • Магистральдық желі бөлімшесінің қарамағындағы филиалдар бойынша деректерді жинауды жүзеге асырады және ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік жеңілдіктер көрсету бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалына ақпарат береді ("құрметті теміржолшылардың" тізімдері, алынатын зейнетақы мөлшері бойынша зейнеткерлердің тізімдері, жұмыс істейтіндердің тізімдері, оның ішінде станцияларда 3,4,5 сыныптар және т. б.);
  • Магистральдық желі бөлімшесінің қарамағындағы филиалдар бойынша оқыту және біліктілікті арттыру қажеттіліктерін айқындайды;
  • белгіленген нысан бойынша магистральдық желі бөлімшесінің аппараты және тіркелген штат бойынша есептер жасауды қамтамасыз етеді, бөлімшенің қарамағындағы филиалдар бойынша жоғарыда аталған есептер жинағын жүргізеді және оларды Магистральдық желі дирекциясына ұсынады;
  • біліктілікті арттыру бойынша оқу мен семинарларға уақтылы жолдаманы бақылауды жүзеге асырады;
  • филиалдың бос лауазымдарына қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуді ұйымдастырады және филиалдың номенклатуралық қызметкерлерінің конкурстық рәсімдерін өткізу үшін материалдар дайындайды;
  • ерте зейнетке шығуға жататын қызметкерлерді ресімдеу үшін қажетті құжаттарды дайындайды; персонал бойынша есептерді дайындау белгіленген есептілікті жасайды.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: "Экономика", "Менеджмент", "Психология", "Филология", педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар), теміржол мамандықтары: "еңбекті ұйымдастыру және нормалау", "Құқықтану", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "персоналды басқару", "Әлеуметтану"
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр