бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті ҚЕХС бойынша қаржылық есептілік секторының ҚЕХС менеджері

«Қазақстан – Қытай Құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
150

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • қаржылық кезеңнің жабылу кестесіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүйесінде есепті кезеңді жабудың уақтылы процесін енгізу және тексеру
  • ХҚЕС сәйкес күтілетін несиелік шығындардың есебін дайындау, есеп жүйесінде мәліметтерді жазу
  • активтердің құнсыздану сынамасын есептеу, есептеуді сыртқы аудитормен келісу
  • ХҚЕС және компанияның есеп саясатына сәйкес айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептілікті жасау
  • негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, тауарлы-материалдық қорларды түгендеуге қатысу, дебиторлық және кредиторлық берешекті түгендеу бойынша құжаттарды жүргізу және дайындау
  • компанияның қаржылық есептілігін қарауға/аудитке қатысу, сыртқы аудиторлық ұйыммен жұмыс істеу, құрылымдық бөлімшелердің сыртқы аудиторлармен жұмысын үйлестіру
  • қаржылық есептілікті жасау процесін жеделдету мақсатында есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен техникалық шарттарды әзірлеу
  • уәкілетті орган бекіткен қоғамдық мүдделі ұйымдардың депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларына сәйкес депозитарийдің интернет-ресурсы арқылы жылдық қаржылық есептілікті жасау және ұсыну

Талаптар:

  • Тиісті мамандықтар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономика, қаржы, есеп, салық, аудит)

Шарттары:

  • Excel бағдарламасында үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу, қаржылық есептілікті дайындау үшін деректерді ұйымдастыру, жинау және талдау дағдыларының жоғары болуы;

    Орташа ағылшын, қазақ тілін білу құпталады;

  • «Кәсіби бухгалтер» сертификатының, «DipIFR» сертификатының болуы, сонымен қатар ірі компанияда жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп