«Ембімұнайгаз» АҚ күрделі құрылыс департаменті жобаларды сүйемелдеу және сараптау бөлімінің жобалау-сметалық жұмыстар жөніндегі инженері

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
1074

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:
1. Жұмыс жобасын әзірлеуге арналған ЖІЖ құны есептерінің сәйкестігі мен дұрыстығын сүйемелдеу және тексеру, бөгде ұйымдар әзірлеген күрделі құрылыс объектілерінің сметалық құжаттамасын талдау;

2.«Ембімұнайгаз» АҚ ӨҚБ объектілері үшін АВС бағдарламалық кешенін қолдана отырып, күрделі және ағымдағы жөндеу сметаларын есептеу;

3.Дайындалған сметалық құжаттардың көшірмелерін идентификациялау және электронды нұсқада сақтау;

4.Қоғамның басқару аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен және өндірістік құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе жұмыс жасау.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық білім құрылыс бағытында
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес (АҚ, АВС-4 және SANA сметалық құжаттамаларды өндеу саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : 2 жылдан кем емес


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Қазақстан Республикасының жобалау (ЖСҚ дайындау), құрылыс және мұнай-газ саласындағы қызметті ргеламенттеуші заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерін білуі;
  3. Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және ресімдеу бойынша стандарттарды, техникалық шарттар мен басқа да басшылыққа алынатын материалдарды білуі;
  4. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларын білуі;
  5. Сметалық есептер жасауға арналған автоматтандырылған техникалық құрылдарды білуі.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Жазбаша және ауызша коммуникация дағдыларын білуі;
  2. Кешенді АВС бағдарламасын білуі;
  3. Командада жұмыс жасауы;
  4. MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) жұмыс жасау дағдысының болуы.

Жұмыс шарттары:

Жұмыс орны: «Ембімұнайгаз» АҚ
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру