"Жолаушылар тасымалы"АҚ Заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету және норма шығару жұмысы жөніндегі функционалдық бағыт менеджері (15 грейд)

от 382762
АҚ «Пассажирские перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
214

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қоғам қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
  • қоғам басшылығы қол қоятын және белгіленген тәртіппен Департаментке келісуге ұсынылған шарттардың, меморандумдардың, келісімдердің және өзге де мәмілелердің жобаларына құқықтық сараптама мен талдауды жүзеге асырады;
  • қоғамға қарауға келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің құқықтық сараптамасын және қоғамның жергілікті актілері жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асырады;
  • қоғамның жарғысын өзектендіруге қатысады акциялары (қатысу үлестері) қоғамға тиесілі жоғары органдар, ұйымдардың басқару органдары шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
  • қоғам қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін жергілікті актілерді әзірлеуге қатысады; қоғам мен оның еңбек ұжымы арасында жасалатын ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады, ол бойынша ескертулер мен ұсыныстар дайындайды; өткізілетін кеңестер шеңберінде "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚТЖ "ҰК" АҚ, уәкілетті мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары жүргізген тексеру нәтижелері бойынша дайындалған тексеру актілерін және басқа да құжаттарды қарайды, көрсетілген тексеру актілерін қарау нәтижелері бойынша Қоғамның ұстанымын ресімдеуге құқықтық мәселелер бойынша функционалдық бағыт құзыреті шеңберінде қатысады;
  • қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің және оның еншілес ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, өзге де заңды, сондай-ақ жеке тұлғалардың басшылығынан келіп түсетін қоғамның қызметіне байланысты мәселелер бойынша өтініштерді, сұрау салуларды (өтініштерді, қоғамның еншілес ұйымдары мен филиалдарының заң қызметтерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларды қоспағанда) қарау нәтижелері бойынша жауаптар, қорытындылар дайындайды;
  • қоғамның құрылымдық бөлімшелері жол берген Қазақстан Республикасы заңнамасының, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚТЖ "ҰК" АҚ актілерінің, Департамент анықтаған қоғамның жергілікті актілерінің бұзылуын талдайды, тиісті шаралар қабылдау үшін қоғам басшылығына қажетті ақпаратты дайындайды; қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес құқықтық сипаттағы мәселелерді қамтитын сыртқы бастамашыл шығыс құжаттарына құқықтық сараптама және келісу жүргізеді;
  • шарттар жасасу мәселелері бойынша Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне кеңес береді; тексерулерді ұйымдастыруды және жүргізуді жоспарлайды, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде, еншілес ұйымдарында тексерулер жүргізуге қатысады, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, еншілес ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне тексерулерге қатысады;
  • жетекшілік ететін бағыт шеңберінде корпоративтік басқаруды құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады ("Жолаушылар тасымалы"АҚ қызметін реттейтін ішкі құжаттар жобаларының, корпоративтік шешімдердің құқықтық сараптамасы).
  • қоғамның атынан тасымалдау процесіне, шаруашылық қызметке байланысты, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы мәселелер бойынша берешектер бойынша талап қояды;
  • Департаменттің іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • қоғамның құрылымдық бөлімшесінің/еншілес ұйымының жазбаша өтініші бойынша және сенімхаттарды қоспағанда, Қоғамның қызметін реттейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді;
  • Келісім комиссиясының жұмысына қатысады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; құрылыс (теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар); инженерлік жүйелер; емдеу дело; медициналық-профилактикалық іс; Қоғамдық денсаулық сақтау; Жалпы медицина
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)