Қызметкерлермен жұмыс істеу жөніндегі маман

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
105

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕР:

  • Қызметкерлердің жеке істерін рәсімдеу және жүргізу, еңбек қызметіне байланысты істерге өзгерістер енгізу.
  • Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, жоғарылату және марапаттау туралы еңбек кітапшаларына жазбалар енгізу, есепке алу және сақтау.
  • Оқу шарттарын, Еңбек шарттарын, Қосымша келісімдерді, Еңбек шартын бұзу жайлы келісімдерді және т.б қызметкерлермен уақтылы қол қою.
  • Қызметкерлерді құжаттармен, компанияның ішкі ережелерімен және саясатымен таныстыру.
  • Қаржы бөліміне түпкілікті есеп айырысу мен төлеуге қажетті құжаттарды уақтылы тапсыру.
  • Біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссияларға қажетті материалдарды дайындау және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттау үшін ұсыну.
  • Жеке деректердегі өзгерістер туралы тиісті құжаттарды алғаннан кейін қызметкерлер туралы ақпаратты HR жүйесіне енгізу.
  • Қажетті есептерді дайындау және ұсыну.
  • Әуе компанияның қызметкерлерге беретін жеңілдіктері бойынша жұмыс жүргізу.
  • Сұраныс бойынша құжаттарды дайындау және ұсыну.
  • Қызметкерлерге еңбек мәселелері бойынша кеңес беру.
  • Қызметкерлерге арналған корпоративтік іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру.

ТАЛАПТАР:

  • Жоғарғы білім.
  • Адам ресурстарында кемiнде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болу керек.
  • Компьютерді, кеңсе қосымшаларын білу (MS WORD, EXCEL, OUTLOOK).
  • Аналитикалық ақыл-ой.
  • Мәліметтерге мұқият болу.
  • Ұжымда жұмыс істей білу.