"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Атырау магистральдық желі бөлімшесі" филиалы материалдық - техникалық қамтамасыз ету бөлімінің (ПВД) жетекші инженері

от 210569
Атырауское отделение магистральной сети Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
336

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Электрондық сатып алу порталы жүйесіне жүктеу үшін тауар бойынша сатып алу жоспарының шаблонын дайындау, Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды бекіту және орналастыру үшін техникалық ерекшеліктер;
  • тауарларды сатып алуға қатысуға берілген әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын қарау Тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері;
  • сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі; тауарларды жеткізудің мерзімдері, көлемі және басқа да елеулі шарттары;
  • ҚҚС есебінсіз сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома туралы мәліметтер;
  • баға ұсынысының нысаны; сатып алу шартының жобасы; әлеуетті өнім берушілердің біліктілігіне қойылатын талаптар) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен және хаттама түрінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын шығару;
  • қорытындылар хаттамасын Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта жариялау; 
  • бір көзден алу тәсілімен, баға ұсыныстары тәсілімен тауарларды сатып алу туралы шарттарды келісу мен жасасуға бақылауды жүзеге асыру; бір көзден алу тәсілімен тауарларды сатып алу туралы шешім жасау;
  • ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу болмаған кезде өнім берушілерді, мердігерлерді, орындаушыларды іздеуді жүзеге асыру;  
  • ашық тендер тәсілімен, баға ұсыныстары тәсілімен, бір көзден алу тәсілімен тауарларды сатып алу туралы шарттарды келісу және жасасу; 
  • шарттың талаптарына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етудің уақтылы енгізілуін бақылау;   
  • тауарларды сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдер әзірлеу, келісу және жасасуды қамтамасыз ету. сатып алу Қағидаларының талаптарына сәйкес Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне өнім берушілерді қосу жөніндегі рәсімдерді жүргізу үшін қоғамның сатып алуды үйлестіру және мониторинг департаментіне құжаттардың толық пакетін жинау және беру бойынша уақтылы жұмыс жүргізу;  
  • дирекцияның электрондық мұрағатында тауар бойынша шарттардың және келісімдердің, қорытындылардың хаттамаларының, бұйрықтардың және өзге де құжаттардың сканерленген көшірмелерін уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету;
  • жасалған ТЖҚ және орталықтандырылған шарттар бойынша тауарлардың уақтылы жеткізілуіне бақылауды жүзеге асыру; 
  • ТЖҚ тауары бойынша шарттардың орындалуы және жасалуы бойынша апта сайынғы, ай сайынғы есептерді жасау және бөлім бастығына ұсыну;
  • бөлім бастығына ТМҚ сатып алуға өткізілген конкурстардың қорытындыларын шартты түрде үнемдеу бойынша ай сайын ақпарат беру (ашық тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен).
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік, көліктік техника және технологиялар; Экономика; Менеджмент; Қаржы;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)