жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші маманы

«ОТХК» БК» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
323

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1) серіктестіктің қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуын жыл сайынғы жоспарлауға және бақылауға қатысуға; 2) серіктестікке қатысушы үшін басқарушылық есептілікті қалыптастыру; 3) серіктестіктің басқарушылық есептілігінің ішкі нысандарын қалыптастыруға, қосалқы ақпараттың дерекқорларын қалыптастыруға және жүргізуге; 4) автоматтандырылған Экономикалық ақпараттық жүйелерді жоспарлау, енгізу саласындағы әдістеме мен құжаттаманы жетілдіру жөніндегі іс-шараларға қатысуға; 5) серіктестіктің қаржы-экономикалық қызметіне байланысты бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, шарттарды және өзге де құжаттарды дайындауға қатысуға; 6) серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне жоспарлауды, экономикалық талдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетуге міндетті.

Білім:

экономика, қаржы, менеджмент саласындағы жоғары білім; басқарушылық және/немесе қаржылық есеп саласында халықаралық сертификаттаудың болғаны жөн.

Дағдылар:

білуі керек: 1) серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері 2) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары; 3) бухгалтерлік және салықтық есепке алу негіздері; 4) серіктестіктің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру; 5) серіктестіктің экономикалық стандарттары мен көрсеткіштері жүйесі; 6) статистикалық есепке алуды, жоспарлы-есептік жұмысты, басқарушылық есептілікті жасау мерзімдері мен қағидаттарын ұйымдастыру тәртібі; 7) кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау, шаруашылықішілік резервтерді анықтау әдістері; 8) тауар өнімінің өзіндік құнын айқындау, материалдық және еңбек шығындарының, көтерме және бөлшек сауда бағаларының нормативтерін әзірлеу тәртібі; 9) жаңа / қолданыстағы / аяқталған инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің есептері; 10) еңбекақыны ұйымдастыру және төлеу негіздері; 11) өндіріс технологиясының негіздері; 12) саланың техникалық және экономикалық даму перспективалары; 13) шаруашылық және қаржылық қызметті жетілдірудің озық тәжірибесі; 14) бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібі; 15) есептілікті жасау мерзімдері мен тәртібі; 16) қаржылық есеп айырысулардың нысандары мен тәртібі; 17) шарттарды жасасу және орындау тәртібі.

Қосымша:

өндіруші / атом саласында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.

Білетін тілдер:

осы лауазымға орналасу үшін қажетті көлемде орыс және мемлекеттік тіл;