"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (кластан тыс) Жаңаауыл станциясының техник-технологы (НОД-4)

227418 - 240101
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
395

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Станцияға келіп түсетін құжаттарды қабылдау, тіркеу және есепке алу; шығыс құжаттарды есепке алу және тіркеу
  • ДУ-46 нысаны бойынша ай сайынғы комиссиялық тексеруге, одан кейін «Жолдарды, бағыттама бұрмаларды, сигнал беру және байланыс құралдарын, байланыс желісін тексеру журналында» ай сайынғы комиссиялық тексеру актісін ресімдеуге қатысу
  • Техникалық құжаттамаларды, оның ішінде «ПТЭ, ИСИ, ИДП тестілеу нәтижелерін тіркеу кітаптары, РБУ – 10 нысаны бойынша қауіпсіздік ережелері, лауазымдық нұсқаулықтар және жол қозғалысы қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша басқа да нормативтік құжаттарын жүргізу
  • Станция басшылығымен бірлесе отырып қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалысының кестесін жасау және бекітілген кесте бойынша еңбек демалысын беруді бақылау
  • Қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес қызметкерлерді жедел медициналық тексеруге жіберу және олардың уақытылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіби)
  • Мамандығы:  Теміржол көлігінде салалар бойынша тасымалдауды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару
  • Жұмыс тәжірибесі:  станция кезекшісі жанындағы оператор/маневрлік диспетчер, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында 1 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс

Қосымша талаптар:

  •  «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.

 

 

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Жаңаауыл станциясы

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж