«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы Сатып алуды санатты басқару департаментінің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алуды санатты басқарудың функционалдық бағытының (15 грейд) менеджері

от 382762
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
99

Қаралған саны:
1056

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ-да жұмыстар мен қызметтерді сатып алу санаттарын басқару жөніндегі қызметті жетілдіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
  • сатып алуды санатты басқару мәселелері бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ компаниялар тобының жергілікті актілерін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • сатып алуды санатты басқару бөлігінде Қордың жергілікті актілеріне ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды санаттау және жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алудың басым санаттарын айқындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
  • алдын ала талдау жүргізу және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басым санаттарын қор мен қор ұйымдары санаттарының тізбесіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қалыптастырады;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның жылдық, ұзақ мерзімді және алдын ала сатып алу жоспарларын және оларға түзетулерді қарайды, келіседі;
  • Қор және қор ұйымдары санаттарының тізбесіне кіретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі тендерлік құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді, шарттар мен оларға қосымша келісімдерді БҚҚ-ның жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша сәйкестігіне қарайды және келіседі;
  • жеткізушілердің қажетті құзыреттері мен мүмкіндіктерін дамыту және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша мақсатты мәндерді, іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;
  • жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алу санаттық топтарының қызметін қалыптастыру, өзектендіру және бағалау бойынша жұмыс жүргізеді;
  • жұмыстар мен қызметтер бойынша БҚҚ әзірлеу мақсатын, міндеттерін және мерзімдерін айқындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
  • жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алу санаттары бойынша сатып алу тиімділігін арттыру жөніндегі бастамаларды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік; тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы
  • Мамандығы: Экономика, Менеджмент, Маркетинг, Құқықтану, Қаржы, Есеп және аудит, IT, сондай-ақ теміржол көлігі мамандықтары
  • Міндетті: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)