Павлодар станциясының еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері, "Теміржолсу-Павлодар"ЖШС 39 цехы

293148 - 306205
ТОО "Теміржолсу-Павлодар" Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
326

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Кәсіпорын бөлімшелерінде қолданыстағы заңнаманың, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар бергені үшін, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеуді, цехтардың паспорттау және санитариялық-техникалық жай-күйін жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, қызметкерлердің денсаулығын нығайту жөніндегі жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды. 
  • Кәсіпорын қызметкерлеріне кіріспе нұсқамалар жүргізеді, олардың білімін тексеруді ұйымдастырады.
  • Өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулар жағдайларын тергеуге қатысады, олардың себептерін зерттейді, олардың алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдайды;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі саласындағы жұмыстармен айналысадыды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Өрт қауіпсіздігі. Құқық қорғау қызметі. Көлік, көлік техникасы және технологиялары. Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл
Қосымша талаптар
  • Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
  • Функцияларды орындауға тікелей бағытталған міндеттерді сақтау: бөлімше еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді, жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту бағдарламасына сәйкес қатысады, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария қағидаларын насихаттауды және зерделеуді, демалыс орындарын құруды ұйымдастырады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр