Әкімшілік-шаруашылық қызметінің жетекші маманы

"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Жоба
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
325

   Конкурс туралы
  1. Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсету мен олардың тиісті жай-күйде болуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің тиімді еңбегі үшін жағдайлар жасау.
  2. Сатып алу бастамашысы ӘШҚ болып табылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге алдағы кезеңге арналған Серіктестіктің даму жоспарын қалыптастыруға қатысу.
  3. Сатып алу бастамашысы ӘШҚ болып табылатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.
  4. Сатып алу бастамашысы ӘШҚ болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сатып алу жоспарын қалыптастыруға қатысу.
  5. Сатып алу бастамашысы ӘШҚ болып табылатын сатып алу процедураларын өткізуге арналған құжаттарды дайындауға қатысу.
  6. Өзге ұйымдармен жасалған шарттар бойынша материалдар мен жабдықтарды жеткізу жоспарлары мен шарттарын келісу.
  7. Бухгалтерлік және салық есебі департаментіне тапсырылатын құжаттарды дайындауды және беруді бақылау (шот-фактура, орындалған жұмыстар актісі, тауарды босатуға арналған жүкқұжат және т.б.).
  8. Жұмыстар, қызметтер, тауарлар бойынша жеткізушілермен төлемдерді салыстыру (салыстыру актісін қалыптастыру).
  9. «Б» нысаны бойынша қамтамасыз ету және сатып алу департаментіне есептер жасау және тапсыру.
  10. Ай сайын төлем күнтізбесінің жоспарын жасау.
  11. Жасалған шарттарға сәйкес қазынашылық бөліміне төлем жасауға арналған паспорттар мен өтінімдерді дайындау.
  12. Электр энергиясының тарифін қорғау үшін сатып алу бастамашысы ӘШҚ болып табылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ақпаратты бюджеттік жоспарлау, экономикалық талдау және инвестициялар департаментіне ұсынуға қатысу.
  13. Бюджет пен сатып алуды орындау бойынша ай сайынғы, тоқсандық пен жылдық есептерді жасау.
  14. Тапсырыс беруші тарапынан да, жеткізуші тарапынан да ӘШҚ жасасқан сатып алу шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
  15. Объектілердің жағдайы, ағымдағы/күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы толық ақпарат жинау үшін көшпелі комиссиялардың отырысына қатысу.
  16. Құжаттама (актілер, мәліметтер, анықтамалар және т.б.) жасау, материалдар мен жабдықтардың бүлінгені туралы есеп жүргізу.
  17. Материалдар мен жабдықтарды босату бойынша тапсырыстардың орындалуын есепке алуды жүргізу.
  18. Материалдар мен жабдықтардың көлемі туралы есептерді дайындау.
  19. Тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу.
  20. Құрылымдық бөлімшелер үшін сұратылған ақпаратты дайындау.

 

 

Талаптар:

Жетекші маманның жоғары экономикалық немесе техникалық білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы керек.

 

Шарттары:

Қалыпты.