Сметалық құжаттама және баға мониторингі департаментінің сметалар бойынша инженері
«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.Міндеттері:
- Құрылыстағы шығындарды сметалық нормалаудың негізгі мақсаттарын, қағидаттарын және жалпы құрылымын айқындайтын қолданылатын нормалар мен ережелерге сәйкестігіне сметалық құжаттамаға талдау жүргізу;
- Экономикалық бағалау жүргізу және жекелеген жобалық шешімдерді салыстыру;
- Бөлінген инвестициялардың құрылымдық өзгерістерін талдауды жүзеге асыру;
- Жобалау ұйымдары әзірлеген сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу. Мердігер ұйымдардың сметалық құжаттаманың дұрыс жасалуын, оның қолданыстағы нормативтік құжаттарға, нұсқаулықтарға, әдістемелік нұсқауларға сәйкестігін тексеру;
- Мердігер ұйымдардан сараптамадан өткен сметалық құжаттаманы қабылдау, тексеру және оны мердігер құрылыс ұйымдарына жұмыс істеу үшін беру;
- Сметалық құжаттамаға жаңа нормативтерді, бағаларды, прейскуранттарды, каталогтарды, жинақтарды, бірыңғай бағаларды енгізуден туындаған қажетті өзгерістерді уақтылы енгізу;
- Мемлекеттік сараптаманы әзірлеу және өту сатысында сметалық құжаттаманы сүйемелдеу;
- Сметалық құжаттама бойынша қажетті анықтамаларды дайындау, құжаттарды мұрағаттық сақтауды қамтамасыз ету;
- Орындалған жұмыстар актілерін ай сайын қабылдау;
- Орындалған жұмыстардың ай сайынғы актілері бойынша жинақтау ведомосін қалыптастыру және жүргізу;
- Департамент қызметіне байланысты серіктестік басшылығының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары техникалық білім- сметалық құжаттамалармен 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі
- АВС-4kz бағдарламалық кешендерін білуге сертификаттың болуы
Шарттар:
5/2, жұмыс кестесі 09: 00-18: 30, түскі ас 13: 00-14: 30
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман