"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалы Курорт - Бурабай рельс дәнекерлеу кәсіпорнының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері

335350 - 350414
Курорт-Боровское рельсосварочное предприятие Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
278

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша филиалдың мақсаттарын құрастыру;
  • Еңбек қорғау және қауіпсіздік сұрақтары бойынша көктемгі және күзгі комиссиялық тексеріске қатысу;
  • Басшыларды, мамандарды және орта буындағы басшыларды арнайы оқу орындарында еңбек қорғау және қауіпсіздік сұрақтары бойынша оқыту жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Жаңадан қабылданған, іссапарға келген жұмысшыларға және студенттерге еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша кіріспе нұсқама жүргізу;
  • Цехтарды еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша бекітілген нұсқамалармен, кіріспе нұсқаманы жүргузі бағдарламасымен және нормативті-техникалық құжаттармен қамтамысыз ету. Жұмысшыларға жаңа заңдылықтарды және нормативті-құқықтық актілерді жеткізу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; өрт қауіпсіздігі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)