"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Курорт - Бурабай рельс дәнекерлеу кәсіпорнының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметі поезының бастығы

331384 - 344864
Курорт-Боровское рельсосварочное предприятие Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
238

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Кәсіпорнынның үздіксіз жұмысына шығын материалдарының қажеттілігін анықтайды және ӨТБ-ге өтінім ұсынады, шығын материалдарының есебін жүргізеді (ЖЖМ, абразивті дөңгелектер және т.б.) және журналға жазады;
  • Машина қираған жағдайда немесе кедергі болғанда машинаны жедел тоқтатуға шара қолданады;
  • Ауысым басталғанда машинаның жарамдылығын тексереді. Ауысым (вахта) аяқталғанда ауыстырушыға машинаны жарамды күйінде табыстайды. Қандай да бір ақаулар анықталса оларды жоюға шара қолданады;
  • ПРСМ машинасының, түйіспе дәнекерлеу машиналарының, КЛУБ қауіпсіздік құралдарының және басқа да жабдықтардың сапалы және уақытылы техникалық күтімін жүргізеді;
  • Барлық техникалық құжаттаманы жүргізеді, айына екі рет поездардың қауіпсіз қозғалысы, өндірістік және еңбектік тәртіп, еңбекті қорғау бойынша техникалық сабақ өткізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары 
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жолдардың жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі лауазымда кемінде 2 жыл

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)