«Теміржолсу-Қостанай» ЖШС жоспарлау-экономикалық бөлімінің сатып алу жөніндегі инженері

280000 - 289000
ТОО "Теміржолсу-Қостанай" Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
250

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

Қоғамның тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
серіктестіктегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үдерісіне талдау және мониторинг жүргізу;
Қоғамның Сатып алу ережесін сақтауын бақылау;
ашық конкурс өткізу, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден, ұйымдастырылған электрондық аукциондарда, тауар биржалары арқылы сатып алу рәсімдерін жүргізу; Сатып алу ережелері мен өзара іс-қимыл ережелерін сақтау шартымен;
Қоғамның тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу шарттарын әзірлеуді, бекітуді, қол қоюды, ресімдеуін және бұзуын қамтамасыз ету;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау;
сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Қоғам жүргізген сатып алулар туралы есептерді ұсыну;
жабдықтаушылардың шот-фактураларды және басқа да төлем құжаттарын ұсынуының дұрыстығын тексеру және бұл құжаттарды төлемге уақтылы беруді қамтамасыз ету;
өз қызметінің жоғарыда аталған бағыттарының барлық бағыттары бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді дайындайды;
тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге маркетингтік зерттеулер жүргізеді;
барлық қажетті құжаттаманы әзірлей отырып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелерін сақтауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Көлікті (темір жол көлігі) тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру; Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы өнеркәсібі; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жолдардың құрылысы; жол-жол құрылыстары); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; «Экономика»; «Басқару»; Құқықтану»; «Қаржы»; «Есеп және аудит»
Жұмыс тәжірибесі: тиісті салада кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы