Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс департаментінің Астана қаласы және Алматы қаласы бойынша өңірлік бөлімшенің Алматы қаласы бойынша инженерлік желілер бойынша жетекші маманы

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
59

Қаралған саны:
1512

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жергiлiктi атқарушы органдардан және бас мердiгерден объектiге сыртқы инженерлiк желiлердi қосу жөнiндегi облыстағы Жобаның барысы туралы ақпаратты қабылдау, жинау және орталық аппаратқа жолдау;
  • облыстағы (орталық аппарат) нысанға сыртқы инженерлік желілерді қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы ақпаратты жинау, талдау және басшылыққа дайындау;
  • ұлттық пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын басшылық және басқа да ұйымдар мен мемлекеттік органдар үшін есептер мен презентация материалдарын дайындау;
  • заң бөлімінің нысанға сыртқы инженерлік желілерді қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісім-шарттар мен қосымша келісімдерді дайындауын бақылау.
  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылу үшін техникалық шарттарды алуды қоса алғанда, бастапқы рұқсат беру құжаттамасын жинауды қолдау, жергілікті атқарушы органның ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен келісу;
  • жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) мердігерлерге беруді қолдау;
  • барлық салынған сыртқы желілерді операциялық ұйымдарға жеткізу;
  • нысанға сыртқы инженерлік желілерді қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылау;
  • бас кеңседе облыстағы техникалық және сәулеттік қадағалау мамандарының, инженерлік-техникалық персоналдың мердігерлерге ақы төлеуге, орындалған жұмыстардың актілеріне бекітілген көлемдерді қолдау;
  • сыртқы инженерлік желілерді объектіге қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін бақылау;
  • атқарушылық құжаттаманың жинақталуын бақылау;
  • келіп түскен хат-хабарларды қарау және олармен жұмыс істеу;
  • департамент басшылығының тапсырмаларын орындау;
  • құрылымдық бөлімшеге жүктелген бизнес-процестердің шеңберінде құрылымдық бөлімшенің функцияларына сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (лауазымның профиліне сәйкес);
  • жоғары білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын қоспағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, кемінде 3 (үш) жылдар;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • жауапкершілік, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, өз бетімен және топпен жұмыс істей білу.

Шарттары:

  • 1 жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасау;
  • Толық уақыт, 5/2;
  • Іссапарлардың болуы;
  • Ұлттық ірі жобалардың бірінде тәжірибе жинақтау;
  • Мақсатты индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша бонустық төлемдер.