"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "БП Қарағанды бөлімшесі"филиалының заң бөлімінің бастығы

486885 - 529695
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
292

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалдағы құқықтық мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасын және Серіктестіктің жергілікті актілерін қолдану бойынша кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Талаптарды, сот істерін қарау нәтижелерін, сондай-ақ шарттар жасасу тәжірибесін талдау және қорытындылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Серіктестік мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс комиссиялары мен топтарына қатысу, Филиал балансындағы дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша материалдарды қарау, оларды жою бойынша заңды шаралар қабылдау;
  • Филиал қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беру, Серіктестікке келтірілген мүліктік залалды өтеу шараларын қабылдау;
  • Филиал қызметкерлерінің шағымдарын, заңсыз әрекеттері (соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, пайдакүнемдіктер, жетіспеушілік және т.б.) туралы мәлімдемелерді қарау жөніндегі филиал комиссияларының жұмысына қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі)
  • Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқық қорғау қызметі
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында кемінде 3 жыл жұмыс, оның ішінде қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр