«KMG Drilling & Services» ЖШС Әзірбайжан Республикасындағы филиалының логистика және МТЖ жөніндегі жетекші инженері

KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
507

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • шарттарда көзделген мерзімдерге сәйкес материалдық ресурстардың жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша бақылау, олардың санын, сапасы мен жиынтықтылығын бақылау және өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысының (ӨЖБҚ) қоймаларында сақтау;
  • ұйымды оның өндірістік қызметі үшін барлық қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету;
  • ӨЖБҚ мен Филиалдың қажеттіліктерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларды әзірлеуге, сондай-ақ материалдық ресурстарға қажеттілікті айқындау негізінде қажетті өндірістік қорларды құруға қатысады;
  • өндірістік қоймаларға түгендеу жүргізуге қатысу;
  • техникалық ерекшеліктерді келісу және қалыптастыру;
  • сервистік компаниялар жеткізетін қызметтердің саны мен сапасын есепке алуды жүргізу, сондай-ақ ӨЖБҚ жаңғырту үшін жұмыс күшін, арнайы техниканы тартумен байланысты шығыстар бойынша бақылау;
  • материалдар мен жинақтаушы бұйымдар қорларының жай-күйін, ұйымдағы өндірістік қорларды жедел реттеуді, материалдық ресурстарды босатуға арналған лимиттердің сақталуын және олардың тікелей мақсаты бойынша ұйым бөлімшелерінде жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • тікұшақ айлағын сертификаттауға және қызмет көрсетуге, тікұшақ айлағын сертификаттау үшін құжаттарды дайындауға, жабдықтармен және құралдармен жарақтандыруға және тікұшақ операцияларына тартылған қызметкерлерді оқытуға жауапты;
  • логистика және кедендік ресімдеу, көлік қызметтері және жабдықтау базасын жалға алу, бұрғылау жұмыстары үшін ӨЖБҚ көшіру үшін тіркеп сүйрегіштерді тарту бойынша шарттар жасасу;
  • кеден өкілімен жұмыс, кедендік ресімдеу үшін техникалық құжаттаманы дайындау;
  • логистикалық қызметтер, кедендік операциялар бойынша есептіліктер жүргізу;
  • Филиал директоры болмаған кезеңде бұйрық негізінде оның міндеттерін орындайды;
  • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеуі мүмкін жағдайлар туралы жұмысты тоқтата тұру және жоғары тұрған басшылыққа баяндау;
  • жұмыстарды жүргізу бойынша қажетті нұсқауларды сақтау, сондай-ақ тапсырылған жұмысты уақтылы және сапалы орындау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы технологиялық және еңбек тәртібін, қағидалар мен нұсқаулықтарды сақтау

Жетекші инженер лауазымына жоғары кәсіби (заңгерлік немесе экономикалық) білімі және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар тұлға қабылданады.

 

 

Тілдерді білуі

 

·  мемлекеттік тіл;

·  орыс тілі;

·  ағылшын тілі.

Заңнамалық және нормативтік актілерді білу

 

·    Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы»  заңы;

·    «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

·    еңбек заңнамасының негіздері.

Мыналарды білуі тиіс

·    экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;

·    Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері.

·    «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу ережесі;

·    ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі;

·    ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік материалдар;

·    материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау, шикізаттың, материалдардың және басқа да материалдық ресурстардың өндірістік қорларының нормативтерін әзірлеу, ресурс үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәртібі;

·    сатып алынатын материалдардың номенклатурасы;

·    материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қойма шаруашылығын ұйымдастыру;

·    өнім берушілермен шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау тәртібі;

·    ұлттық және сауда терминдерін (Инкотермс) пайдалану бойынша ICC ережелері;

·    сатып алынған ТЖҚ-ға қатысты есептіліктің белгіленген нысандарын қалыптастыру және ұсыну тәртібі;

·    ТЖҚ-ны жеткізуге арналған шарттарды орындау тәртібі;

·    қазіргі заманғы техникалық коммуникация және байланыс құралдарын, дербес компьютерлерді пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдістері.

Кәсіби сертификаттау

·    кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік;

·    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;

·    өрт-техникалық минимум.

Жұмысқа қажетті техникалық және ұйымдастырушылық дағдылар

·  жеке компьютерде жұмыс істеу дағдылары (Microsoft Office).

·  «Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алу порталында жұмыс істеу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • аналитика процесса логистики
  • * Порядок закупок и других корпоративных документов в области закупок АО «Самрук-Қазына»;
  • * cвободное владение ПК, знание программ Word, Excel
  • мтс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы