«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Сары-Шаған сигнализация және байланыс дистанциясы дабыл, орталықтандыру және бұғаттау учаскесінің бастығы

355961 - 371025
Сары-Шаганская дистанция сигнализации и связи Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
851

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Бекітілген техникалық қызмет көрсету және жөндеу учаскесінде СОБ құрылғыларының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру, Чиганак – Мойынты учаскесі бойынша 1337 км 3 КҚ а / т 2/17-1070 км 7 КҚ өту;
  • поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұжымда еңбек және технологиялық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша аға электромеханиктер мен бригадалар басшыларына тікелей басшылық жасау;
  • қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сенімділікті арттыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын әзірлеу және бақылау, учаскеде, СОБ құрылғыларын жөндеу, ауыстыру, жаңғырту, қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету жоспары;
  • СОБ құрылғыларының жай-күйін, техникалық құжаттаманың мазмұнын, бастапқы есептік құжаттаманы ресімдеудің дұрыстығын, оның ішінде тексеру нәтижелерін тиісті журналдарда тіркей отырып, ДУ-46 журналындағы жазбаларды тексеру;
  • бекітілген функционалдық рөлдер мен өкілеттіктер матрицасына сәйкес өндірістік активтерге (SAP PM модулі) техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеу.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс, Радиобайланыс және радиохабар тарату, ақпараттық технология, Есептеу техникасы, Көп арналы электр байланысы; байланыс желілері және коммуникация жүйелері;
  • Жұмыс тәжірибесі: аға электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл, электромеханик лауазымында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр