"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалының Нұр-сұлтан станциясының жетекші бухгалтері (НОД-1)

от 304812
Станция Нур-Султан Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
231

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Таур-материалдық құндылықтардың толық және шынайы есебін жүргізеді, салыстыру актілерін жасай отырып, дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс істейді;
  • ТМҚ қозғалысы бойынша формасы ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерге ФО-12 нысанының қаржылық есептілігін жасайды, тоқсан сайын серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен кестені әзірлеушілер үшін салыстыру актілерін жасайды және белгіленген мерзімдерде НОДГП-1не ұсынайды;
  • Отын-энергетикалық ресурстардың қозғалыс бойынша есеп жасайды және НОДГП-1 де ұсынайды;
  • Бухгалтерлік құжаттардың, қаржылық есептердің қағаз және электрондық тасығышта сақтаулуын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіппен ресімделеді және оларды мұрағатқа береді, ал сақтау мерзімі өткен кезде оларды жояды;
  • Материалдық есептерді қабылдау және өңдеу бойынша материалдық жауапты тұлғалармен жұмыс істейді, бастапқы құжаттардан деректерді SAP бағдарламасына енгізеді;
  • Серіктестіктің бұйрықтары бойынша, сондай-ақ материалдық-жауапты тұлғаларды ауыстырған кезде және құндылықтардың (бұзу, өрт және тб) сақталуына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде тауарлық-материалдық құндылықтарға, негізгі құралдарға, қатаң есептілік бланкілеріне түгендеу жүргізеді;
  • Жетіспеушілік және жымқыру жәніндегі материалдарды, негізгі құралдар мен тауар-материалдық қорларды ресімдеу жөніндегі комиссиялардың не жұмыс топтарының жұмысына қатысады;
  • Кемшіліктерді, проблемалық дебиторлық және кредиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару кезінде ҚР заңдары мен өзге де нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан)
  • Мамандығы: Есеп және аудит, қаржы, экономика
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 5 жылдан кем емес, 1-санатты бухгалтер лауазымнда 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)