«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының техникалық бөлімінің жетекші инженері - «ЖТ Алматы бөлімшесі»

от 360720
НОД-7 (Алматинское отделение ГП) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
245

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • БМЖ енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеу және есептер жасау;
  • станция қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуге қатысу;
  • радиостанцияларды сақтау  беру және сынау қағидаларын сақтау;
  • ағымдағы құжаттарды сақтау мен орындаудың қатаң есебін жүргізу;
  • станция қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, нұсқаулықтарын әзірлеуге қатысу;
  • тыңдауларға, кеңестерге қатысу, хаттамалар мен бұйрықтар дайындау;
  • станция басшыларына ақпараттық стенділерді жабдықтауда әдістемелік көмек көрсету;
  • сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдер жасау;
  • жасалған шарттардың орындалуын бақылау.
Біліктілік талаптары:
  • Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Саладағы мамандық: Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде 1 санаттағы / 2 санаттағы инженер / поезд диспетчері/ станция бойынша кезекші / станция инженері (технологиялық процесс және станция ТРА / өндірістік оқыту нұсқаушысы бойынша) лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы