«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ЖТ-Алматы бөлімшесі филиалы Алматы-2 станциясының пойыз құрастырушысы

271814 - 271814
НОД-7 (Алматинское отделение ГП) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
220

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде поездарды құрастырушының өзімен бірге қызметтік куәлігі, еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі жөніндегі куәлігі, қызметтік формуляры, тағылатын радиостанциясы, сигналдық ысқырығы және тәулік уақытына байланысты - сары сигналдық Туы (күндіз) немесе сигналдық шамы (түнде), сондай-ақ қызметтік куәлігі мен формуляры болуға тиіс. Радиостанцияны және сигналдық керек-жарақтарды поездарды құрастырушы таза және ақаусыз ұстауы тиіс, сондай-ақ жеке радиобайланыстың ақаусыз құралдарын ғана пайдалануға, белгіленген үлгідегі арнайы киім мен арнайы аяқ киім, сигналдық жилет киюге және киім қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей, ал түймелер түймеленетіндей киінуге міндетті.

Кезекшілікке кірер алдында қызмет көрсетілетін учаскенің жолдарында жылжымалы құрамның болуымен және орналасуымен танысуға, оның Бекітілу сенімділігін тексеруге, тежегіш аяқ киімнің бар екеніне көз жеткізуге міндетті. Кезекшіліктің алғашқы сағаттарынан бастап жұмыстың қалыпты қарқынын және технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, кезекшілікті ең аз уақытпен қабылдауға тиіс;

Біліктілік талаптары:

Білім

 белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық

 

Жұмыс тәжірибесі

 поездар құрастырушының көмекшісі/ вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Колледж