Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс департаментінің Қарағанды, Ұлытау облысы, ШҚО, Абай облысы бойынша өңірлік бөлімшенің Абай облысы бойынша жетекші маманы (сметашы)

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
470

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • құрылыс және реконструкциялау жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін материалдарды дайындау;
  • күрделі салымдар бюджетінің орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • ақаулар туралы есептер мен жұмыс жобаларының сметалық құжаттарын жасау;
  • объектілерді салуға, қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге сметалық құжаттаманы тексеру;
  • аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын және басқа да жұмыстар мен қызметтерді қабылдау-тапсыру актілерін тексеру және бекіту, объектілерді салуда қолданылатын материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды келісу және бекіту;
  • сметалық есептеулер мен сметалық құжаттамада қолданылатын прейскуранттарды тексеру және талдау;
  • объектілерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған келісім-шарттар бойынша сметалық құжаттама негізінде келісім-шарт бағасының ведомостарын дайындау.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби (лауазымның профиліне сәйкес);
  • Жоғары білім және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есептемегенде) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жылдар;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Шарттары:

  • 1 жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасау;
  • Толық уақыт, 5/2;
  • Көп тапсырма режимінде жұмыс істеу, тәулік бойы байланыста болу мүмкіндігі.
  • Іссапарлардың болуы;
  • Ұлттық ірі жобалардың бірінде тәжірибе жинақтау;
  • Мақсатты индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша бонустық төлемдер.