"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС- "БП Ақмола бөлімшесі" филиалының тасымалдауды ұйымдастыру және шарттары бөлімі бастығының орынбасары (НОД-1)

от 444075
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
358

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • кейіннен инженерлерді таныстыра отырып, ұйымдастыру бөлімінің лауазымдық нұсқаулықтарына және тасымалдау шарттарына өзгерістер енгізеді
  • НОДГП-1 жүк цехында поездар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша талдау жасайды, ПКО, ПКБ жұмысы бойынша есеп, КНО-5 ф. бақылау артық салмағы бойынша есеп КОО-1 ф. Нұр-Сұлтан ПКБ және ПКО МППВиК -те ажыратылған вагондар бойынша анықтама, Нұр-сұлтан ПКБ ПКБ және ПКО МППВиК бойынша есеп дайындайды
  • станциялар бойынша бақылау тексерулерінің , станция бастықтарының жүк жұмысы жөніндегі орынбасалары арқылы вагондарды ауыстырып тиеу жоспарының орындалуын бақылайды, есеп дайындайды
  • вагондарды уақтылы қарауды қамтамасыз ету және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ПКО мүкәммалы мен құралдарының азаймайтын қорының болуын және түсуін бақылайды, ПКО, МППВиК-ті төмендетілмейтін қормен қамтамасыз етуге өтінімдер жібереді
  • "ҚТЖ-Жүк тасымалы""ЖШС"-"БП Ақмола бөлімшесі" филиалының Красивая-Казахская, Жаксы, Казахская, ОП-80, Атбасар, Адыр станциялары бойынша жүк жұмысын бақылайды
  • жүктерді вагондарға тиеу шарттары бойынша жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, басқа ұйымдарлың сауалдарына хаттар, жауаптар дайындайды
  • НОДГП-1 станцияларының 3,4,5 класты цехының техникалық сабақ жоспарын әзірлеу және орындаушыларға жеткізу
  • қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілмеуі бойынша тасымалдау шарттарын бұзу бойынша тергеу жүргізеді, технологиялық уақытқа сәйкес ақауларды түзетуді бақылайды, станциялардан материалдар сұратады, материалдар дайындайды
  • Петропавл станциясының МППВиК бойынша анықталған коммерциялық ақауларды жою үшін филиалдың алдағы жылға арналған шығыстарының бюджетін белгілейді

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі
Мамандығы:
Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, теміржол көлігіндегі көлік логистикасы 
Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл, кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы: жетекші инженер және аға тауар кассирі/жүк пен багажды аға қабылдау-тапсыру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)