"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері

360720 - 373404
Павлодарское отделение магистральной сети Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
281

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалдың жеке шаруашылығында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормативтік құжаттаманы дауйындау(қалпына келтіру, өрт сөндіру пойыздары)
  • Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау (еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге арнайы киім беруді, санитарлық-гигиеналық қамтамасыз етудің бір бөлігі болып табылады)
  • Салалық бөлімшелерде еңбекті қорғау жағдайын одан әрі жақсарту бойынша жылдық және перспективалық іс-шаралар жоспарының жобаларының қалыптастыру және салалық басқармаға бекітуге ұсыну 
  • Өндірістік жарақаттарға талдау жүргізу және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын әзірлеу
  • Өндірістік жарақаттардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі)
  • Саладағы мамандық: Көлік, көлік техникасы және технологиясы ; Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта(железнодорожный транспорт); Электротехника (Радиотехника, электроника и телекоммуникации); Автоматтандыру және басқару; Электроэнергетикасы; Стандарттау, метрология и сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршағана ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол жолдары; Экология; Жылу энергетикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр